|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
|---|
|
22
Қазан
2025
|
Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі 4-8 сынып оқырмандарының қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстан-менің болашағым» атты танымдық-тарихи сағатын өткізді. Оқушылар үшін «Қазақстанның даму жылдары», «Атамекен» тақырыптарында Қазақстанды туралы бейнероликтер, слайдтар көрсетілді. Қатысушылар «Менің Қазақстаным-менің жерім», «Менің елімнің тарихы» зияткерлік байқауларына белсене қатысты. Балалар қазақ күйлерін орындап, М.Мақатаевтың «Отан», Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңдерін оқыды. Оқырмандардың назарына еліміздің тарихи жолын, оның қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірін бейнелейтін «Гүлдене бер, менің Тәуелсіз Қазақстаным!» иллюстрацияланған кітап көрмесі ұсынылды. Іс шара соны балалардың орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды.
|
15
Қазан
2025
|
Көрнекті саяхатшы, этнограф, шығыстанушы және қоғам қайраткері Г.Потаниннің туғанына 190 жыл толуына орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «Әлемді таңы да біл!» атты танымдық сағатын өткізді. Оқырмандар Потаниннің өмірімен және ғылыми қызметімен танысып, оның географияны, этнографияны дамытуға және халықтардың мәдени мұрасын сақтауға қосқан үлесі жайлы білді. Потанин шоқантану ғылымының дамуына үлесін қосып, баға жетпес еңбектер жинап, жариялады. Оқушыларға «Шоқан Уәлиханов» кітабынан екі географтың қазақ халқының тарихи-этнографиялық мұрасын бірлесіп зерттегені туралы айтылды. Балалар «След в истории Г.Потанина» бейнеролигін тамашалады. Іс-шара «Ұлы ғалымның мұрасы» атты кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.
|
14
Қазан
2025
|
Қазақ жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың 120 жылдығына орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі Абай атындағы ЖОББМ-нің 6-7 сынып оқушылары арасында «Оятқан ой санамды, шіркін өмір...» атты әдеби сағат өткізді. Оқушылар халық жазушысы, ақын Ұлы Отан соғысының ардагері, «Парасат» орденінің иегерінің өмірі және шығармашылығымен танысты. Балалар ақынның «Туған жер», «Сен құрметте оны!» өлеңдерін оқыды. Онда Отан және адамгершілік құндылықтар туралы тақырыптар қозғалған. Кітап көрмесінде батырлыққа, батылдыққа арналған поэзия жинақтары мен прозалық басылымдары ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар Әбу Сәрсенбаевты өз халқына шынайы адал өмір сүрген, жан-жақты тұлға ретінде танып, білді.
|
3
Қазан
2025
|
«Кітаппен кездесу - мереке!» жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің мектепалды даярлық тобының оқушыларымен «Біздің ата-әжеміз – сүйікті жандар» атты әдеби ойын өткізді. Кішкентай қатысушылар ата-әжелерімен қалай уақыт өткізетіні және оларды қаншалықты жақсы көретіні туралы өз ойларымен бөлісті. Ойын барысында балалар ата-әжелері бар ертегілер мен мультфильмдерді естеріне түсірді. Сурет галереясы ұйыдастырылды. Іс-шараға «Әдебиеттегі аталар мен әжелер» тақырыбында кітап көрмесі әзірленді. Жақсы кітап үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, мейірімділікке ұйретеді.
|
26
Қыркүйек
2025
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Еңбек күніне арналған «Мамандықтар мен еңбекқорлық туралы» атты танымдық-ойын сағаты өтті. 3-6 сынып оқырмандары әртүрлі жұмыс мамандықтарымен танысып, еңбек адамдарының жұмысын құрметтеу қаншалықты маңызды екенін білді. Кітапханашылар балаларға мамандықтар әлемі туралы ақпарат беріп, «Айболит», «Ласкуток», «Аспазшы» маршруттары бойынша
ойындар өткізді. Балалар еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске алып, олардың жалғасын тапты. Жұмбақтар шешіп, «Кім осылай айтады», «Дәрігердің қобдишасында не жатыр?» ойындарына белсене қатысты. Соңында қатысушылар «Труд и забота» мультфильмін тамашалап, «Кез келген еңбек құрметке лайық» кітап көрмесіндегі «Кем быть? Путешествие в мир профессий», «Опасные профессии», «Кулинария», Л.Клюшниктің «Большие машины» энциклопедияларын тамашалады.
|
4
Қыркүйек
2025
|
Қазақстан халықтарының Тілдер күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Абай атындағы ЖОББМ-нің 1 сынып оқушыларымен «Тіл – ұлттың байлығы» атты әдеби-поэзиялық байқау ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты- балалардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, патриотиоттыққа баулу, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Қатысушылар М.Әлімбаевтың, С.Кәттебайұлының, Т.Еділбаевтың өлеңдерін оқып, жұмбақтар шешті. Балалар «Полиглот», «Жүректен-жүрекке», «Бәйге» викториналық сұрақ-жауап ойындарына белсене қатысты. Іс-шара соңында «Ана тілім-асыл қазынам» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге шолу жасалды.
|
10
Маусым
2025
|
"Балалар оқулары" жобасы шеңберінде Белоусов ауылдық кітапхана "Г. Х. Андерсен-Датск сиқыршысы" әдебиттік сағат өткізді. Бұл іс - шарада балалар "Түймеқыз", "Ұсқынсыз үйрек" ертегілер тыңдады. Жұмақтар шешті, сұрақтарға жауап берді. Іс-шараның соңында ертегілерден үзінділері бар боямақтар алды.
|
5
Маусым
2025
|
«Жаз бойы кітап оқимыз» жазғы оқу бағдарламасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің мектеп жанындағы жазғы лагеріндегі 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Мен оқыдым, бірақ сенімен оқу қызықты» атты әдеби окулары өтті.Сиқырлы кітап әлемінің қиялына бөленген жас оқырмандар кітап кейіпкерлері пошташы Печкин және Почитайкамен кездесіп, «Үй жұмбақтары», «Ертегі саяхаттары», «Сізге жеделхат келді!», «Кім, не деді?», «Бейтаныс жан», «Тәтті викторина» әдеби-ойын аялдамаларына тоқтап, ертегілер, жұмбақтар шешті. «Сәлеметсің бе, ертегі!» кітап көрмесінен балалар жазғы каникулда өздеріне ұнайтын қызықты кітаптарды үйлеріне алды. Іс-шара «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім» атты сурет байқауымен аяқталды.













