Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
---|
2
Ақпан
2024
|
Балалардың салауатты өмір салтын және бос уақытын насихаттау мақсатында Абай атындағы ЖОББМ-нің 4а сынып оқушыларына арналған аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Әдеби кейіпкерлер спорт өмірінде» атты әдеби ойыны ұйымдастырылды. Жас спортшылар «Кейіпкерді тану», «Сөзді жинау», «Пин-понг» спорттық-зияткерлік эстафеталарына, музыкалық-спорттық жаттығуға қатысты. Іс шара соңында «Спортты таңдаймын - денсаулықты таңдаймын» көрмесінде ұсынылған кітап басылымдары қаралды.
31
Қаңтар
2024
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 3-7 сынып оқырмандары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және оларды этномәдени дәстүрлерге баулу мақсатында "Асыл мұра" клубы аясында "Асық қоржыны немесе кім мықты" атты ұлттық ойындар күні өтті. Балалар осы ежелгі "Асық ату" ойынының пайда болу тарихымен танысқаннан кейін "Бес асық" және "Ханталапай" ойындарында өздерінің ептілік қимылдарын, шапшандылықтарын қөрсете білді.
25
Қаңтар
2024
|
24.01.24. М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің мектепалды даярлық тобының оқырмандары үшін аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашылары "Шынықсаң, шымыр боласың» атты конкурстық бағдарлама ұйымдастырды. Ертегі кейіпкерлерінің мысалдары арқылы балалар дененің шынығуы туралы көп нәрсе біліп, үйренді. Көңілді дене шынықтыру ойындарына қатысып, соңында"Өлмес Кащей қалай шыныққан" мультфильмін тамашалады. "Адам", "Анатомия" 4D басылымдарымен танысты. Балалар өздерін виртуалды әлемде болғандай сезінді.
23
Қаңтар
2024
|
23.01.24. "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі Абай атындағы ЖОББМ-нің 8 сынып оқушыларымен бірлесе отырып "Б.Соқпақбаевтың әдебиет әлемі. Литературный мир Б.Сокпакбаева" атты әдеби альманах өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар жазушының өмірбаянымен, шығармаларымен танысты. Оқушылар автордың әңгімелерінен үзінділер оқыды. Соңында өздері оқыған кітаптардың кейіпкерлерінің мінездері туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.
19
Қаңтар
2024
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен "Ынтымағы жарасқан - достық. Дружба крепкая не сломается" тақырыбында әдеби-музыкалық викторина ұйымдастырды. Іс шараға қатысушылар "Ертегі достары", "Кітаппен бірге әлемді танимыз" атты викторина сұрақтарына жауап берді. "Кітап және мен – біз адал доспыз!" атты кітап көрмесінде ұсынылған танымдық кітаптардың көмегімен балалар қоршаған әлеммен танысты.
17
Қаңтар
2024
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі Абай атындағы ЖОББМ-нің 6 сынып оқушыларына халық суретшісі Ә.Қастеевтің 120 жылдығына арналған "Қылқалам шебері. Мастер кисти" тақырыбында арт-сағат ұйымдастырды. Балалар суретшінің өмірбаянымен, шығармашылығымен және көркем суреттерімен танысты. "Таланттың қырлары" атты кітап көрмесіне шолу жасалды..
25
Қараша
2023
|
"Пайдалы ғылымдар академиясы" клубы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде "Табиғат патшайымы бізде қонақта" атты экологиялық ойын өтті. 3-5 сынып оқырмандары Қызыл кітаптың маңыздылығы туралы, Қазақстан табиғатының қорғалатын объектілері туралы өз білімдерін кеңейтті. "Табиғат заңдары", "Дала ағаштары мен өсімдіктері", "Ормандар мен таулардың тұрғындары" тақырыптарында тапсырмалар орындады.
22
Қараша
2023
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі Абай атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары үшін Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығына арналған "Ақын, философ, ағартушы..." атты әдеби құжат сағаты өтті. Кітапханашылар балаларды автордың өмірбаянының ең жарқын фактілері туралы және "Мәшһүр шығармашылығындағы өмір мен уақыт" кітап көрмесінде ұсынылған кітаптарымен таныстырды. Оқушылардың орындауында "Мәшһүрдің өзің таныстыруы", "Хал-ахуал", "Аналар" өлеңдері оқылды.