|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
|---|
|
19
Ақпан
2026
|
«Асыл мұра» клубы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Масленица-дәстүрлі мереке» атты тақырыптық мереке ұйымдастырылды. Жүргізушілер балаларды Күннің көзі, Масленица және Көктем кейпінде қарсы алып, Масленица мерекесінің тарихымен таныстырды. «Весну открывает Масленица» бейне-презентациясы мерекенің барлық күндерінің мазмұнын ашып,сонымен қатар балаларға Масленица құймағы мерекелік тағам ғана емес,ол алтын күннің символы екенін түсіндірді. Кейін қатысушылар екі командаға бөлініп, халық ойын-сауықтары «Қаппен жүгіру», «Шапшаң аспазшы», «Әтеш төбелесі», «Құймақ лақтыру» ойындарына белсенді қатысты. Мақал-мәтелдерді еске алып, Масленица туралы жұмбақтарды шешті. Іс шара соңында мерекеге дастархан әзірленіп, «Масленица в Простоквашино». мультфильмін көрумен аяқталды.
|
17
Ақпан
2026
|
Қазақ ақыны, жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 6-7 сынып оқушылары арасында «Жамбыл өлеңдері – балаларға» атты поэзия байқауы ұйымдастырылды. Алдымен оқушылар ақының өмірі және шығармашылығымен танысты. Оның «Менің өмірім» өлеңдерінің мысалында тыңдаушылардың назарына өз халқын, батырлардың қайсарлығын дәріптейтін ақын бейнесі ашылды. Балалар Жамбыл шығармаларын «Ең үздік орындаушы» байқауына белсенді қатысты. Балалардың орындауында ақынның «Ленинградтық өрендерім...», «Несокрушимая крепость», «Жамбылдан Сәлем», «Сүйікті Отанының ұлдарына» өлеңдері оқылды. Оқырмандардың назарына ақынның өмірі мен шығармашылығының әртүрлі кезеңдеріне арналған бейнефильм, слайд-презентация көрсетілді. Байқау Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына әзірленген «Дәуір дауысы» кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.
|
16
Ақпан
2026
|
«Кудесник» клубы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 2 сынып оқушыларының назарына «Сиқырлы арал» атты әдеби ассорти ұйымдастырды. Оқушылар ертегі аралының «Ертегі мәзірі», «Ерекше өзгерістер», «Ертегі хабарлары» тақырыптық жолдары арқылы саяхат жасап, іс шара кезінде белсенділік танытты. Шет елдердің, әлем халықтарының, қазақ халқының ертегілерін еске түсіріп, сұрақтарға жауап беріп, иллюстрациялар бойынша ертегілерді тапты. Кітапханашы балаларды жаңа балалар жазушылары және олардың шығармаларымен таныстырды. Олар, Д.Маккидің «Захватывающие приключения Элмера», «В Тридевятом царстве. Дежурство у Бабы-яги». «Жаб и принцесса», Д.Донцованың «Море прощения» кітаптарымен танысты. Кейін балалар танымал жазушы Олег Рой кітабының негізінде жасалған «Шеф повар – Бедакур» қызықты мультфильмін тамашалап, «Джингликтер» көңілді адамдар әлеміне саяхат жасады.
|
14
Ақпан
2026
|
Халықаралық кітапты сыйға тарту күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде оқырман-балалармен кітапты сыйға тарту акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында «Жақсы кітап – жылы жүректен» ақпараттық сағаты мен «Ғажайып беттер әлемі» әдеби викторинасы өтті. Жас оқырмандар мен олардың ата-аналары кітап беру күнінің тарихымен танысып, балалар жазушыларының кітаптың адам өміріндегі рөлі туралы айтқан сөздерін еске алды. Акция барысында балалар 11 дана кітап басылымдарын сыйға тартты. Өздерінің сыйға әкелген кітартарын «Оқырман бізге сыйлады...» көрмесіне орналастырды. Сыйлыққа берілген кітаптардың ішінде ертегілер, өлеңдер, фольклорлық шығармалар, сыныптан тыс оқуға арналған кітаптар бар.
|
13
Ақпан
2026
|
«Пайдалы ғылымдар академиясы» клубы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 4 сынып оқушыларымен «Қызықты тәжірибелер, немесе ғажайыптар» атты ғылыми-танымдық сағатын өткізді. Балалар ғылым немен айналысатынын, ток туралы ғылыми тәжірибелер арқылы климаттың жер қыртысының сипатына қалай әсер ететінін, үйлер мен машиналар қалай жасалатынын, энергия, жарық және электр энергиясын қалай пайдаланатынын білді. Балалар эксперименттер арқылы құрастырылған әдеби кейіпкерлерді естеріне түсіріп және қарапайым заттарды қолданып, «Что и как устроено» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Нәтижесінде «Ауа дегеніміз не?», «Әртүрлі материалдардың салмақтығы», «Ол қандай су?» сұрақтарына көмектесетін тәжірибелер жүргізді. Соңында балалар «Фиксики проводят опыты» мультфильмін көріп, ғылыми-танымдық энциклопедияларды тамашалады.
|
9
Ақпан
2026
|
Успен аудандық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі Абай атындағы ЖОББМ-нің 5 сынып оқушыларымен қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырларым-елге мұра, ұрпаққа аманат» атты әдеби-поэзиялық микс өткізді. Кітапханашы оқушыларды қазақ әдебиеті мен Қазақстан мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстырды. Оқушылар және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Жандаулетованың орындауында «Бақыт деген не?», «Туған жер», «Анашым», «Үш бақытым» автордың өмірі, Отан, махаббат және адами құндылықтар туралы өлеңдері ақынның философиялық ойларын бейнелейді. Қатысушылар Мұқағали Мақатаев шығармаларының мазмұнын талқылауға арналған викторинаға қатысты. Іс-шара «Қазақ халқының ұлы тұлғасы» бейнеролигінің сүйемелдеуімен ақынның өлеңдеріне әндер шырқалды. Поэзиялық микс «Қазақ әдебиетінің данышпаны» кітап көрмесінендегі әдебиеттерді көрумен аяқталды.
|
5
Ақпан
2026
|
«Балалық шақ елінен келген сиқыршылар» жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің мектепалды даярлық сынып оқушыларының қатысуымен «Өлеңдер құпиялары» атты саяхат-ойынын өткізді. Мектеп жасына дейінгі балалар «Ұйқасына келтіру елінде» көрмесінде ұсынылған сиқырлы кітаптарды тамашалап, өздерін көңілді дауысты өлеңдер әлемінде болғандай сезінді. Балалар «Сөзді жалғастыр», «Кім тез», «Физкультминутка», «Тауып көр» станцияларында аялдамаларға тоқталды. Балалар кітапханашының тапсырмасы бойынша жұмбақтар шешіп, жыл мезгілдері туралы өлеңдер арқылы суреттерді таба білді. Іс шара «Умные песенки- стишки» мультфильмін көрумен аяқталды.
|
21
Қаңтар
2026
|
1-8 сынып оқырмандарына арналған балалар әдебиеті бөлімінде 2026 жылғы мерейтойлық кітаптарға арналған «Кітап мерейтойларының пирамидасы» атты дайджест көрмесі ашылды. Олардың ішінде әлемге әйгілі қазақ, орыс және шетел әдебиетінің классиктері, дидактикалық әңгімелердің, көңілді шытырман оқиғалардың, сондай-ақ қызықты әңгімелердің авторлары бар. Балалар мен олардың ата-аналарын біздің кітапханаға келіп, әлемдік классика қазынасына енген мерейтойлық жазушылардың керемет шығармаларымен танысуға шақырамыз.













