|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
|---|
|
7
Қыркүйек
2026
|
А.Байтұрсыновтың туған күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 4а сынып оқушылары үшін (сын.жетекші Испулова И.А.) «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби-поэзиялық журналы ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар көрнекті жазушы, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы презентацияны тамашалап, Ахмет Байтұрсынұлының кітаптары және ғылыми еңбектерімен танысты. Балалар «Колыбельная», «Ғылым», «Анама» және «Стрекоза и муравей» өлеңдерін оқыды. Соңында балалар жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты әдеби викторинаның сұрақтарына жауап берді..
|
4
Қыркүйек
2026
|
В рамках Дня языков народный Казахстана отделом детской литературы районной библиотеки с учащимися 2 класса проведен филологический час «Родной язык-живой родник». В начале мероприятия дети познакомились с историей развития языков народов Казахстана, прослушали мудрые изречения писателей, лингвистов, философов о бережном отношении к языку. Школьники закрепили свои знания о разных языках во время конкурса «Полиглот», отгадывали загадки, составляли пословицы и поговорки, пробовали себя в роли переводчиков, отвечали на вопросы викторины «Бұл кім?». Завершилась мероприятие обзором книжной выставки «Язык - хранитель народной мудрости».
|
4
Қыркүйек
2026
|
Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі 2 сынып оқушыларымен «Ана тілі-жүрек үні» атты филологиялық сағатын өткізді. Іс-шараның басында балалар Қазақстан халықтарының тілдерінің даму тарихымен танысып, жазушылардың, лингвистердің, философтардың тілге байланысты дана сөздерін тыңдады. Оқушылар «Полиглот» байқауы кезінде үш тіл туралы білімдерін кеңейтті. Балалар жұмбақтарды шешіп, мақал-мәтелдерді құрастырып, «Бұл кім?» сұрақ-жауап ойынында белсенділік танытты. Іс шара соңы «Ұлттың қуаты-тілінде» кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.
|
1
Қыркүйек
2026
|
2026ж. 01.09 Білім күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 5-8 сынып оқырмандарына арналған «Білім әлемі-кітаппен бірге» атты танымдық калейдоскопы өткізілді. Оқушылар мереке тарихымен танысып, көркем шығармалардағы мектеп кезінде болған қызықты сәттерден үзінділер оқыды. Содан кейін қатысушылар «Хотим все знать» тақырыптық журналының сұрақтарына, мектеп пәндері жайлы және логикалық сұрақ-жауап ойынына белсене қатысты. Іс-шара соңы «Мектебім» әнін орындаумен және «Әр парагын аш та, оқып үйрен» кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.
|
28
Тамыз
2026
|
«Пайдалы ғылымдар академиясы» клубы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 4 -7сынып оқырмандарының қатысуымен «Ұлы есімдер туралы» атты зияткерлік лото ойыны ұйымдастырылды. Балалар әртүрлі елдердің өнертабыстары туралы қызықты оқиғаларды естіп, қызықты фактілермен танысты. Ойын үш раундтан тұрды: «Әлемнің ұлы өнертапқыштары», «Ұлы өнертабыстар», «Тұрмыстық заттар мен оқу құралдары». Ойын барысында қатысушылар жұмбақтар шешіп, сүйікті ертегі кейіпкерлеріне арналған заманауи технологиялардың прототиптерін іздеп, тапты. Іс шара «Ник – изобретатель» мультфильмін көрумен және кітап көрмесіндегі «Эрудит», «Балаларға арналған техника әлемі» анықтамалық кітаптарға шолу жасаумен аяқталды.
|
28
Тамыз
2026
|
2026ж. 28.08 Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 5-7 сынып оқырмандарымен және олардың ата-аналарымен «Сені жырға қосамын, туған өлкем» атты көрме-әңгіме өтті. Келушілер жергілікті авторлардың шығармаларымен танысып қана қоймай, ауылдың құрылғаны мен туған өлкеміз туралы қызықты фактілермен танысты. Іс-шараға қатысушылар ата-әжелерінің қалай өмір сүргені, қандай дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны туралы әңгімелерімен бөлісті. Соңында қатысушыларға Успенка ауылының тарихы, мәдениеті мен табиғаты туралы бірнеше кітаптар ұсынылды.
|
24
Тамыз
2026
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 1-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Сенің денсаулығын-сенің қолында» атты физминутқа ұйымдастырылды. Іс-шарада балалар жақсы көңіл-күй, күш-қуат пен сергектік барлық аурулардың алдын алудың ең жақсы құралы екені туралы, спортпен шұғылданудың маңыздылығы жөнінде, денсаулықтың құндылығы мен салауатты өмір салтының негізгі ережелерімен танысты. Қатысушылар ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтарды шешіп, «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Мен ең мықтымын» ойындарына қатысты. Соңында оқырмандар «Денсаулық пен спортты таңда!» тақырыбы бойынша кітап көрмесін тамашалады.
|
10
Шілде
2026
|
«Жаз кітабының құпиясы» атты жазғы оқу жоспарын жүзеге асыру аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде жас оқырмандардың қатысуымен «Құстар-біздің досымыз» тақырыбында танымдық-ақпараттық сағат өтті. Балалар туған өлкеміздегі құстармен танысып, олардың пайдасы туралы, адамдардың көзқарасы мен қамқорлығы туралы білді. Содан кейін «Әртүрлі құстар әлемі» викторинасына белсенді қатысып, «Құстар – әдебиет бетінде» жұмбақтарын шешіп, бұл қандай құс екенін фотосуреттерден таныды. Іс-шара соңында қатысушылар құстардың суреттерін салып, «Профессор Почемучкин. Про птиц» кітап көрмесімен танысты.












