ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
Успен а.
8(71834)91542
kense@uspen.kz

Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района

МЕНЮ

Құрметті сайт қонақтары!

Ресми сайтқа қош келдіңіз
Успен ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі!

Бөлімге өтіңіз
6
Қазан
2026

Успен аудандық кітапханасында «Өзіңе сен» жобасы аясында “Мен өзімді бағалай білемін” атты сауалнама жүргізілді. Сауалнама қатысушыларға өздерінің жақсы қасиеттерін тануға, өзіне сенімділік қабілеті мен алға қойған мақсаттарына нық қадам жасауға ой салды.
Дайындаған: мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жассйтын кітапханашы.

24
Қыркүйек
2026

Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын кітапханашы «Көзі көрмейтін және нашар көретін пайдаланушыларға кітапханалық қызмет көрсету: заманауи тәсілдер, ресурстар және тәжірибелер» атты облыстық семинарға қатысты.
Семинарға қатысушылар кітапханалық қызметтерді көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қолжетімді етуге мүмкіндік беретін заманауи жұмыс түрлерімен, арнайы ресурстармен және технологиялармен танысты. «Сөйлейтін» кітаптарға, аудиоресурстарға, ақпараттық технологияларға және пайдаланушыларға жеке қызмет көрсетуге ерекше назар аударылды.

17
Қыркүйек
2026

Успен аудандық кітапханасында «Өзіңе сен» жобасы аясында “Мен өзімді бағалай білемін” атты сауалнама жүргізілді. Сауалнама қатысушыларға өздерінің жақсы қасиеттерін тануға, өзіне сенімділік қабілеті мен алға қойған мақсаттарына нық қадам жасауға ой салды.
Дайындаған: мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жассйтын кітапханашы.

3
Қыркүйек
2026

Успен аудандық кітапханада «Газеттер калейдоскобы» атты мерзімді басылымдарға ақпаратты шолу өткізілді. Кітапханашы оқырмандарға газет беттерінен еліміздегі және әлемдегі өзекті жаңалықтарды мәдениет, білім, тарих, спорт және қоғамдық өмірге қатысты қызықты мәліметтерді оқуға ұсынды.

1
Қыркүйек
2026

«Өзіңе сен» жобасы аясында Успен аудандық кітапханада «Шебердің қолы алтын» атты шығармашылық шеберхана сағаты өтті. Қатысушылар шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, бірлескен жұмыс барысында өздеріне жақсы әсер алды.
Дайындаған: мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын кітапханашы.

15
Шілде
2026

"Балдырған" балалар эстетикалық орталығында кітапханашы балалармен "Бірге көңілді ойнайық!" атты көңілді ойындар сағатын өткізді. Балалардың назарына "Иә немесе жоқ" ойыны қызықты болды. Ойын барысында балалар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, шапшандықтарын байқатты. Іс-шара жылы, достық атмосферада және жақсы көңіл-күйде өтті.

15
Мамыр
2026

Аудандық кітапханада Психологиялық-педагогикалық коррекция кабинетіндегі балалар үшін «Менің отбасым — менің тірегім» атты танымдық викторина өткізілді.
Балалар отбасылық құндылықтар, дәстүрлер және сүйікті адамдардың өмірдегі маңызды рөлі туралы сұрақтарға жауап берді. Викторина оларға адамның өміріндегі отбасының рөлін жақсырақ түсінуге, сөйлеу қабілетін, ойлау және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға көмектесті.
Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар ұсынылды.
Дайындаған: мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын кітапханашы

14
Мамыр
2026

Үйде кітапханалық қызмет көрсету барысында ересек оқырмандармен кездесу ұйымдастырылды. Кітапханашы оқырмандарға арнайы қызықты кітаптарды ұсынды. Оқырмандар жаңадан түскен көркем әдебиеттермен танысып, өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға алды. Сонымен қатар өздері оқыған кітаптары жайлы ойларымен бөлісіп, көңіл-күйлері көтеріліп, кітап оқуға деген сүйіспеншіліктері қалыптасып, өмірге деген қызығушылықтары артты. Осындай кездесулер жылы достық атмосфера сыйлайды.

© 2026. Все права защищены.