|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
|---|
|
15
Қазан
2026
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 7 сынып оқушыларымен қазақ жазушысы С.Мұратбековтің 90 жылдығына арналған «Сөз өнерінің шебері» атты әдеби сағатын өткізді. Оқушылар «Пороша», «Моя сестренка» автордың үздік шығармаларымен танысты. Кітапханашы «Дикая яблоня» және «Горький запах полыни» шығармалары соғыс жылдарындағы балалық шақ тақырыбын кеңінен ашатын шығармалар туралы оқырмандарды таныстырды. Іс шара барысында балалар жазушының әңгімелерінен қызықты сюжеттерден үзінділер оқып, оның шығармалары бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді.
|
14
Қазан
2026
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы қазақ ақыны Хамит Ерғалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай Абай атындағы ЖОББМ-нің 5 сынып оқушыларына «Хамит Ерғалиев: өмір және тағдыр» атты әдеби портретін өткізді. Автор басынан кешкен оқиғаларды өзінің шығармаларының беттерінде көрініс тауып, оларды шындыққа айналдырды. Оқушылар «Тополь и море», «Оставив прошлое...» өлеңдерінен үзінділерді орындады. Жазушының мерейтойына арналған «Мен өлеңді ермек үшін жазбаймын...» тақырыптық сөресі әзірленіп, оқырмандарға автордың «Сонеттер», «Годы, годы...» жинақтары мен «Қазақты 100 поэмасы» әдеби басылымы ұсынылды.
|
12
Қазан
2026
|
Қазақ жазушысы Бақытжан Момышұлының туғанына 85 жыл толуына орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде А.Байтұрсынов атындағы 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Балалық шақтан естелік» атты диалог-әнгіме өтті.Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы, оның отбасы мен шығармаларындағы кейіпкерлер туралы біліп, «Жазушының мұрасы», «Во имя отца» бейнероликтерін тамашалады. «Тихие голоса», «Я еще ребенок» шығармаларының кейіпкерлері оқырмандарға балалық шақтан алған әсерлерін естеріне түсіруге, отбасындағы тәрбие сабақтары туралы сөйлесуге, әртүрлі жағдайларды талдауға, кейіпкерлерді сипаттауға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты әртүрлі жағдайларды салыстыруға көмектесті. Кездесу соңында балалар «Балалық шақ – мейірімділікке толы әлем» атты кітап көрмесімен танысты.
|
1
Қазан
2026
|
Қарттар күнін мерекелеу қарсаңында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі Абай атындағы ЖОББМ-нің мектепалды даярлық сынып оқушыларына «Аталар мен әжелер туралы» атты әдеби ойын өткізді. Балалар ата-әжелерінің отбасыларындағы маңызды рөлі, қарт адамдарға қалай қарау керектігі жайлы өз ойларымен бөлісті. Оқушылар назарына «Менің отбасым» музыкалық бейнеролигі және «Ертегідегі аталар мен әжелер» тақырыбында кітап көрмесі әзірленді. «Ең маңызды сөздер» әдеби ойын барысында балалар өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, «Әлемдегі ең жақсы адамдар» жұмбақтарын шешті. Содан кейін қатысушылар әдеби кейіпкерлердің «Даналық пен мейірімділік сабақтары» сұрақтарына жауап беріп, «Әжемді қарсы ал!» ертегісінен үзінді тыңдады.
|
29
Қыркүйек
2026
|
«Балалық шақ елінің сиқыршылары» жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің мектепалды сынып оқушыларымен «Жанды әріптер» атты әдеби-ойын бағдарламасын өткізді. Балалар «Әліппедегі жануарлар әлемі» поэзиялық ойынға белсене қатысып, «Кім нені жақсы көреді» тақырыбындағы иллюстрациялар бойынша әңгімелер құрастырды. Дауыстап оқу үшін қатысушыларға Б.Заходердің «Мохнатая азбука», С.Маршактың «Живые буквы», М.Алимбаевтың «Слон и муравей» өлеңдері мен «Новая история про курочку Рябу» ертегісі ұсынылды. Жануарлар әлемін жақсы тану үшін балаларға «Лесная история» мультфильмі көрсетілді.
|
28
Қыркүйек
2026
|
Еңбек күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің 3 сынып оқушылары арасында «Адам еңбегімен танылады» атты әңгіме сағатын өткізді. Оқушыларға кез-келген еңбектің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы «Еңбек адамы» презентациясы ұсынылды. Балалар «Әдеби кейіпкерлердің мамандығы», «Пайдалы іс», «Мамандықтар пантомимасы» байқауларында қызықты тапсырмаларды орындап, жазушылар мен ақындардың шығармаларынан үзінділер оқыды. Іс шара соңында оқырмандарға «Кез келген мамандық қадірлі» тақырыбында кітап көрмесі әзірленіп, «Так сойдёт!» мультфильмі көрсетілді.
|
18
Қыркүйек
2026
|
2026ж. 18.09 «Балалық шақ елінің сиқыршылары» жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы мектепалды сынып оқушыларымен «Алтын қолды шебер» атты поэзиялық ойынын ұйымдастырды. Балалар «шеберлік», «шебер» терминін ойын және қандай да бір жұмысты орындау кезінде танысып, білді. Кейін балалар, «Бұл қай ертегіден», «Әдеби кейіпкердің мамандықтары», «Пазлды жина» көңілді зияткерлік сайыстарында белсенді түрде қатысып, кітаптардың көмегімен ертегі кейіпкерлерін тауып, жұмбақтарды шешті. Ойын барысында С.Қалиевтың «Врач», М.Әлімбаевтың «Все работы хороши», К.Баянбаевтың «Мелодия труда» өлеңдері оқылып, соңы «Сказочный патруль. Золотые руки» және «Джинглики. Машина времени» мультфильмдерін көрумен аяқталды.
|
12
Қыркүйек
2026
|
Отбасы күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде кітап оқитын отбасылар үшін "Барлық отбасымызбен кітап оқимыз" атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс шараға сегіз отбасы қатысты. Қатысушылар "Біздің отбасымыздағы ең бақытты сәттер" әңгіме - диалогына, "Отбасының сүйікті кітаптары", "Жазушыны және оның отбасы туралы жазған шығармасын тап", "Поэзиялық ассорти" атты әдеби байқауларына қатысты. Оқырмандар балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы туралы ең күрделі сұрақтарға жауап беретін заманауи қазақстандық және шетелдік авторлардың прозасымен танысты. Олардың орындауында әдеби кейіпкерлердің монологтары, өлеңдер оқылды.
Кеш соңында "Міне, менің отбасым" мультфильмі мен "Менің отбасым-менің бақытым'" тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Соңында кітапханашылар кітапхананың белсенді оқитын отбасылары ұсынған "Әкем, анам және мен отбасымыз оқырман" атты фотогалерея көрмесін әзірледі.













