Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 7 сынып оқушыларымен қазақ жазушысы С.Мұратбековтің 90 жылдығына арналған «Сөз өнерінің шебері» атты әдеби сағатын өткізді. Оқушылар «Пороша», «Моя сестренка» автордың үздік шығармаларымен танысты. Кітапханашы «Дикая яблоня» және «Горький запах полыни» шығармалары соғыс жылдарындағы балалық шақ тақырыбын кеңінен ашатын шығармалар туралы оқырмандарды таныстырды. Іс шара барысында балалар жазушының әңгімелерінен қызықты сюжеттерден үзінділер оқып, оның шығармалары бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді.





