ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
Успен а.
8(71834)91542
kense@uspen.kz

Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района

МЕНЮ

Құрметті сайт қонақтары!

Ресми сайтқа қош келдіңіз
Успен ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі!

Бөлімге өтіңіз
17
Желтоқсан
2025

«Кітаппен кездесу – мереке!» жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі мектепалды даярлық сынып оқырмандарымен «Қыс құпиялары» атты жұмбақтар сағатын өткізді. Балалар қыс мезгілі туралы жұмбақтарға жауап бере отырып, табиғаттағы қызыққа толы ғажайыптарды қадағалады. Олар ұлпа қардың жерге қалай түсетінін бақылап, қыс уақытына байланысты әртүрлі құбылыстарды зерттеп көрді. Іс шараға қатысушылар «Табиғаттың құпиялары», «Қыстың сиқыры» шығармашылық ойындарына белсене қатысты. Балалар суреттер арқылы сөздерді таба отырып, қыстың суретін бейнеледі. Соңында «Что за волшебница зима» мультфильмін тамашалап, қыс тақырыбы бойынша кітап көрмесіндегі әдебиеттермен танысты.

15
Желтоқсан
2025

Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Абай атындағы ЖОББМ-нің 5 сынып оқушылары үшін «Тәуелсіз Қазақстан-менің болашағым» атты тарихи-танымдық сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар Қазақстан тәуелсіз мемлекетінің қалыптасу кезеңдері жайлы көптеген мәліметтер алып, білімдерін кеңейтті. Білім алушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысты «16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні» және «Желтоқсан ызғары» бейнероликтері көрсетілді. Оқушылар «Туған жер-туған ел» тақырыбында қазақ ақындарының өлеңдерін нақышына келтіріліп оқыды. Оқырмандар «Тәуелсіздік шежіресі» зияткерлік ойыны барысында Отан туралы білімдерін бекітіп, сонан соң мемлекеттік рәміздер, тарих пен әдебиет, Қазақстанның табиғи байлықтары туралы сұрақтарға тоқталды. Іс шара «Өркенде, менің Тәуелсіз Қазақстаным!» атты кітап көрмесіндегі кітаптарға шолумен аяқталды.

5
Желтоқсан
2025

«Библио-таным» библиография күні аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде және Абай атындағы мектеп кітапханасында 1-5 сынып оқушыларымен «Қазақстан бойынша АБА-дан танымды саяхат», «Казахстан – страна географических открытий», «Бұл кім екенін тап» станциялары арқылы квест ойыны өткізілді. Содан кейін «Олар бәрін біледі» энциклопедияларға саяхат жасады. Әртүрлі терминдер мен анықтамаларды іздеу кезінде практикалық тапсырмалар орындады. «Анықтамалық қор: сөздіктер, энциклопедиялар, қазақ тіліндегі анықтамалықтар» сабақ-тренингісі барысында балалар «Кім жылдам», «Жасырын сөздер» практикалық тапсырмаларды орындап, анықтамалық әдебиеттерді пайдалана отырып, білімдерін кеңейтті.

3
Желтоқсан
2025

Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Кудесник» клубы аясында «Үлкен BOOK-БУМ» атты оқырмандар отырысы өтті. 4-6 сыныптардың оқырмандары әдеби кейіпкерлер, шығармалар мен авторлар туралы өздерінің білімдерін көрсете білді. Балалар таңдап алған иллюстрацияларға сәйкес кітаптардағы қызықты сюжеттерді, кейіпкерлердің есімдері мен іс- әрекеттерін естеріне түсірді. Қатысушыларды «Мерейтой кітаптары бойынша», «Ертегі әңгімелер», «Әдеби гардероб» тақырыптарында сұрақтар күтіп тұрды. «Табылған заттар Бюросы» бұрышында балалар әртүрлі әдеби кейіпкерлерге тиесілі заттарды тапты. Іс шара соңында «Бұл кітаптарда - мерейтой!» кітап көрмесіне шолу жасалып, «Не оқу керек?» атты әдеби-музыкалық презентация көрсетілді..

24
Қараша
2025

Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі ортаңғы буын оқушылары үшін Ш.Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Дала жұлдызы» ауызша журнал өткізді. Кітапханашылар оқырмандарды көрнекті қазақ ғалымы, географтың өмірі мен қызметі жайлы таныстырды. Олар Шоқан Уәлиханов туралы «Ұлы ғалым», «Қазақтың көркем ғалымы–Шоқан Уалиханов», «Ауызша поэзияны зерттеуші» журналдар беттерінен танып, білді. Әсіресе оның Орталық Азияның тарихы, этнографиясы мен географиясы жөніндегі еңбектеріне ерекше көңіл бөлді. Балалар Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын жақсы танып, білу үшін кітап көрмесі ұсынылды. Балалар кітаптарын қызығушылықпен қарап, талқылап, сұрақтар қойды.

22
Қараша
2025

«Пайдалы ғылымдар академиясы» клубы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі 4-6 сынып оқырмандарының қатысуымен «Қандай өнертабыстарсыз қазіргі өмір мүмкін емес» атты интеллектуалды блиц-турнир ұйымдастырды. Қатысушылар қандай өнертабыстарсыз адам өмірі мүмкін болмайтынын білді. Өткен шаққа саяхат жасай отырып, ғылымға және өнертабыстың дамуына үлкен үлес қосқан ұлы инженерлердің тағдырымен танысты. Ойын «Жарық энергиясы және техника», «Адам және дыбыстар», «Ол неден жасалған», «Ақпараттық технологиялар» тақырыптық ойындар бойынша өтті. Заттарды болжай отырып, балалар оның қайдан пайда болу тарихын ғылыми-көпшілік, энциклопедиялық әдебиеттерден білді. Іс-шараның мақсаты-ғылыми-танымдық әдебиеттердің және олардың маңыздылығы туралы түсінік беру, оқу барысында көмекші құрал ретінде ғылыми-танымдық әдебиеттерді пайдалану.

14
Қараша
2025

«Кітаппен кездесу-мереке!» жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің мектепалды даярлық сыныбының оқушыларымен «Менің сүйікті күшігім мен мысығым» атты әдеби-шығармашылық байқауын өткізді. Балалар мысықтар мен иттер туралы қызықты әңгімелер тыңдап, үй жануарлары туралы өз ойларымен бөлісті. Балалар жұмбақтар шешіп, жануарлардың әдеттері туралы танымдық сұрақтарға жауап беріп, «Кітаптағы мысықтар мен иттер», «Сөзді жалғастыр», «Табалсаң, туып көр!» атты әдеби ойындарына белсене қатысты. «Кім тез сурет сала алады» байқауында балалар үйлеріндегі жануар достарының суреттерін салды. Іс шара «Зима в Простоквашино» мультфильмін көрумен және «Оларды сүймеу мүмкін емес!» кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасаумен аяқталды.

23
Қазан
2025

«Кітаппен кездесу-мереке!» жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің мектепалды даярлық тобының оқушыларымен «Зиянды кеңестер» атты көңілді әңгімелер сағатын ұйымдастырды. Кітапхананың жас оқырмандары балалар ақыны Григорий Остермен және оның көңілді, тапқыр «38 попугаев», «Котенок по имени Гав», «Вредные советы», «Петька – Микроб» шығармаларымен танысты. Балалар маймылдың, пілдің, тоты құстың қызықты оқиғалары туралы әңгімелейтін «Зарязка для хвоста» ертегісін қызығушылықпен тыңдады. Оқушылар «Ең көңілді кейіпкерлер» викторинасына, «Иә және жоқ» ойынына қатысып, сценарий бойынша Г.Остердің «Котенок по имени Гав» мультфильмін тамашалады. Іс шара соңы «Кітапхана- ертегі еліндей» мультфильмін көрумен аяқталды.

© 2026. Все права защищены.