Қазақ ақыны, жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 6-7 сынып оқушылары арасында «Жамбыл өлеңдері – балаларға» атты поэзия байқауы ұйымдастырылды. Алдымен оқушылар ақының өмірі және шығармашылығымен танысты. Оның «Менің өмірім» өлеңдерінің мысалында тыңдаушылардың назарына өз халқын, батырлардың қайсарлығын дәріптейтін ақын бейнесі ашылды. Балалар Жамбыл шығармаларын «Ең үздік орындаушы» байқауына белсенді қатысты. Балалардың орындауында ақынның «Ленинградтық өрендерім...», «Несокрушимая крепость», «Жамбылдан Сәлем», «Сүйікті Отанының ұлдарына» өлеңдері оқылды. Оқырмандардың назарына ақынның өмірі мен шығармашылығының әртүрлі кезеңдеріне арналған бейнефильм, слайд-презентация көрсетілді. Байқау Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына әзірленген «Дәуір дауысы» кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.
|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
|---|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
МЕНЮ





