Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
---|
18
Наурыз
2024
|
Наурыз мерекесі қарсаңында "Асыл мұра" клубы аясында аудандық кітапханада Абай атындағы ЖОББМ-нің 5 сынып оқушылары мен әжелерінің (сын. жетекші А.Исенова ) қатысуымен "Ата-салтын ардақтайық!" атты салт-дәстүрлер калейдоскопы өтті. Мерекелік іс шараны кітапхана оқырманы Р.Рахметова "Попурри" халық әндерімен ашты. "Балаға ат қою" рәсімі бойынша сахналық көріністі кітапхананың қітапханашылары. А.Бекенова, К.Жалелова және Б.Катпанова көрермендер көңілінен шыға білді. Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Л.Павленко жас оқырмандарды сахна төріне Қазақстан ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға шақырды. Сонымен қатар "Сен білесің бе?", "Мақал-мәтелді жалғастыр", "Өлеңді жазып, құрастыр" ойындары өткізілді. Балалар Наурыз туралы ән айтып, би билеп, бата берді. "Ата-салты дәстүрлері - ұлы мұра" тақырыбында кітап көрмесі әзірленді.
16
Наурыз
2024
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде "Оқу еліндегі көңілді шытырман оқиғалар" атты балалар кітабы апталығының ашылуы өтті. Әдеби-ойын бағдарламасына А.Байтұрсынов атындағы 2 "А" сынып оқырмандары қатысты. Ыңғайлы қоныстанған жас жолаушылар импровизацияланған пойыздың вагонында машинисттің командасымен шытырман оқиғаға Оку еліне саяхат жасады. Мерекеге келген балалармен конкурстар, викториналар, ашық ойындар, шығармашылық сабақтар өткізілді. Балалар үшін "Ертегіні оқимыз және саламыз" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
14
Наурыз
2024
|
Оқу ашылумен тең!" жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Абай атындағы ЖОББМ-нің 5-7 сынып оқырмандарымен "Жұмбақтарға толы сандық" атты әдеби сайыс өтті. Оқушылар халық, сонымен қатар қазақ балалар ақындарының, сондай-ақ тақырыптар бойынша жұмбақтарды қызығушылық таныта шешті. Қатысушыларға көмек ретінде "Сиқырлы қорап"кітап көрмесі ұйымдастырылды.
13
Наурыз
2024
|
"Кітаппен кездесу - мереке!" жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің мектепалды тобы оқушыларының қатысуымен "Кітап әлеміне саяхат "оқу мерекесін өткізді. «Ертегіші әже» жас саяхатшыларды кітап әлемінің құпияларымен ойын арқылы қызықтыра отырып өткізді. Балалар "Ертегі елінің" барлық әдеби-ойын кедергілерінен сүрінбей өтті.
6
Наурыз
2024
|
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Абай атындағы ЖОББМ-нің 3 сынып оқушыларының қатысуымен "Анамның жүзінен күлімдеген күнің көзін көрем" әдеби-музыкалық қонақжай ұйымдастырылды. Балалар "Анамның кәсібі" атты жұмбақтар сайысына, "Сен білесің бе?" викториналық сұрақ-жауап ойынына , "Сиқырлы сөзді тап!" ойындарына қызығушылықпен қатысты. Балалар өздерінің аналары мен әжелеріне арналған өлеңдерін оқып , «Аяулы анашым» әнін орындады. Іс шара соңында жас оқырмандарымызға "Батырлар: тарих және қазіргі заман" тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.
1
Наурыз
2024
|
1 наурыз Алғыс айту күніне орай аудандық кітапхананың Балалар әдебиеті бөлімі "Мейірімділік және алғыс" атты әдеби - танымдық марафон өткізді. Мағжан Жұмабаев 0 сынып оқушыларына арналған "Бір-біріне ашық жүректер" кітап көрмесінің аясында әдеби-жылжымалы конкурстар, дауыстап оқулар, " Мен сендерге жүрегімді сыйлаймын!", мультфильм көру өтті.
27
Ақпан
2024
|
ІІ Республикалық "Шәкәрім оқулары" байқауы аясында Успен аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 5-8 сынып оқушылары арасында аудандық "Шәкәрім оқулары" атты байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты - ұлы ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасын, шығармашылығын насихаттау және білу.
Шәкәрім оқуларына Успен мектептерінен 10 оқушысы қатысты. Қатысушылардың шеберлігін қазылар алқасы бағалады. Олар байқаудың барлық қатысушыларының күш-жігері мен шығармашылық белсенділігін атап өтті. Жүлделі орындарға 4 оқушы ие болды. Олар, Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің
8 -сынып оқушысы Қабыл Үміт «Бас жүлде» жеңімпазы атанды. І орынға Қозыкеткен ЖОББМ-нің 8 а сынып оқушысы Бурубаева Ясмин ие болса, ІІ орынды Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Өнерханұлы Елжан иеленді, ал ІІІ орынды А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7б -сынып оқушысы Есентаева Ильнара жеңіп алды.
Аудандық «Шәкәрім оқулары» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді. Байқауға қатысқан қалған сайыскерлерге қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.
10
Ақпан
2024
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Сәкен Жүнісовтың 90 жылдығына орай 4-7 сынып оқушыларының қатысуымен "Көркем сөздің шебері" атты әдеби танысу өтті. Жас оқырмандар Сәкен Жүнісовтың әдеби шығармашылығының негізгі тақырыптарымен танысып, шығармалардағы кейіпкерлердің қызықты тағдырлары туралы білді, повестердегі сюжеттерді мәнерлеп оқыды, "Заманай"көркем фильміндегі кадрларды көрді. Іс-шара кітап көрмесіндегі әдебиеттерді қараумен аяқталды.