|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
|---|
|
31
Наурыз
2025
|
Балалар кітабы апталығы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі 3-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапты ашып, әлемді таны, досыңды шақыр» атты ойын-сауық сағаты ұйымдастырылды. Әдеби-спорттық «Мерген», «Өз кейіпкеріңді тап», «Әдеби мозаика» жарыстары кезінде әр қатысушы өзіне ұнайтын кітапты ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Балалар шифр арқылы жазушылардың әңгімелерінің атауларын тауып, жұмбақтарды шешіп, «Оқылған кітап жолдары бойынша» дартс-викторинасындағы сұрақтарға жауап беріп, өздерінің тапқыр және білімге құштар екендіктерін көрсете білді.
|
27
Наурыз
2025
|
Балалар кітабы апталығы аясында балалар әдебиеті бөлімі 3-4 сынып оқушылары үшін қазақ ақыны Т.Молдағалиевтің мерейтойына арналған «Сиқырлы сөздердің ғажайып әлемі» атты әдеби круиз ұйымдастырды. Кітапханашылар балаларды ақынның өмірі жайлы және шығармашылығы туралы әңгімелеп берді. Қатысушылар ақынның табиғат пен балалық шақ туралы «Гүлдер бүгін оянды», «Данияр бала», «Менің де бар керегім» сияқты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әсіресе автордың өлеңдерінің ішінде әскери тақырыпта «Әке», «Етік» өлеңдері әсерлі болды. Оқушылар «Көктем шақырады», «Ертіс вальсі» әндерін және естелік деректі фильмін тыңдады. «Алатаудың қыраны, хас өнердің пырағы» кітап көрмесі оқырмандарды қазақ жазушысының шығармашылық мұрасымен, өлеңдер мен әндер жинағымен, өмірбаяндық басылымдарымен таныстырды.
|
19
Наурыз
2025
|
Аудандық кітапханада жас оқырмандар мен ересек кітап сүйер қауымның қатысуымен «Кітапхана түні» әлеуметтік-мәдени акциясы өтті. Акцияға қатысушылардың саны жыл сайын көбеюде. Кітапхана қызметкерлері Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына «Абайды оқы-таңырқа» поэзиялық оқу, ҚР Халықтар Ассамблеясының 30 жылдығына «Достықтың дархан ұясы!», «Успен жергілікті мәдениетті сақтау орталығы, «Көркем шеберхана», «Teatime» шайхана, «Келіңіз ән шырқайық!» караоке, «Құпия қорқыныштары» тақырыптық аймақтарды ұйымдастырды. Соның ішінде балалар әдебиеті бөлімі де жас оқырмандары үшін «Әлемнің жұлдызды құпиялары» атты танымдық саяхат өткізді. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Технофантазия», «Сатурн шеңберінде», «Салмақсыздығын тексеру», «Инопланетное расследование», «Космос инвентаризациясы», «Кітаптың түнгі құпиясы» бағыттары жұмыс жасады. Бір сөзбен айтқанда, әркім өзіне ұнайтын іс-әрекетті, өзіне ұнайтын орынды, жаңа білімнің керемет әлемін таба алды. Оқырмандар кітапханада өз отбасымен кітап оқып қана қоймай, қарым-қатынас жасауға, бос уақытын қызықты да тиімді өткізуге және көп нәрсені үйренуге болатынына тағы бір рет көз жеткізді. Іс шара көңілді би кешімен аяқталды.
|
7
Наурыз
2025
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Менің анам-ең нәзік жан» атты мерекелік библиомикс ұйымдастырылды. Іс шараға Абай атындағы ЖОББМ-нің 5-7 сынып оқырмандары қатысты. Оқушылар алдымен мерекенің шығу тарихымен танысып, басқа елдерде бұл мереке қалай тойланатыны жөнінде білді. Қатысушылар таңғажайып алаң ойыны арқылы ана туралы өлеңдер оқып, музыкалық композицияда «Анашым» әнің орындады. Балалар «Анаға гүл шоғын жинау», «Анамның елі», «Әдеби кейіпкерлер», «Анаға тілек» конкурстарында белсенділік танытты. Іс шара соңында «Ана –ең жақын досым», «Мейірімді жан анам» музыкалық бейнеролик көрсетіліп, «Анамның елі» көрме-вернисажы әзірленіп, оқушы-қыздарға құттықтау открыткалары табыс етілді.
|
1
Наурыз
2025
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің оқырмандары Масленица мерекесіне арналған «Қысты шығарып салып, көктемді қарсы алайық!» атты мерекелік-ойын бағдарламасына қатысты. А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің мектепалды жасына дейінгі балалар Масленица әдет-ғұрыптар әлемінде: мерекеге байланысты жұмбақтар шешіп, масленица аптасының күндеріне байланысты «Здравствуй, солнце!», «Ой, блины, мои блины..», «Кто больше напечет блинов», «Карусель» сияқты әр түрлі конкурстар мен ойындарға белсене қатысты. Балалар Масленица туралы ертегілер мен аңыздарды тыңдап, көктемді шақырып, шеңбер құрып, би биледі. Барлық қатысушылар мерекені көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алып, тәтті сыйлықтарға ие болды.
|
28
Ақпан
2025
|
Алғыс айту күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі Абай атындағы ЖОББМ-нің мектепалды даярлық тобының оқушыларына «Алғыс айту-парызым» атты әдеби-танымдық серпантин ойынын ұйымдастырды. Алғаш рет кітапхананың табалдырығын аттаған оқушылар Сиқыршы және Оқымысты әдеби кейіпкерлермен кездесті. Балалар ұнаған кітаптарын алақандарымен жылытып «Достықтың мейірімділік баспалдағымен» атты кітап көрмесін өздері түрлендірді. Одан кейін оқушылар «Қуаныш шеңбері», «Көп түсті сандық», «Рахмет», «Бұл қандай зат?» әдеби-интеллектуалдық ойындарына қатысып, белсенділік танытты. Жас оқырмандар өз алғыстарын иллюстрацияланған суреттер арқылы білдірді. Іс-шара соны «Алғыс айту-парызым» акциясымен аяқталды. Кітапханашылар әр қатысушыға кітапхананың ережесі бар бетбелгі мен тәттілерді табыстады.
|
21
Ақпан
2025
|
«Кітаппен кездесу – мереке!» аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің мектепалды даярлық тобының жас оқырмандары арасында «Кітап қорғауды талап етеді» атты жақсылық жасау акциясын ұйымдастырды. Іс шара басында балалар «ауыратын» кітап кейіпкерінің оқиғасын, шағымдарын тыңдап, «науқас» кітабы неден ауырғанын анықтады. Барлық балалар «Кітап ауруханасы» байқауына бірге қатысып, дәрігерлер мен пациенттер рөлін атқарып, кітаптарға алғашқы көмек көрсетуді үйренді. Акция соңында оқушылар «Кітап- сенің ең жақын досың», «Балалар, кітаптарға сақ болыңдар!» балалар ақындарының өлеңдері мен әндерін тыңдап, «Кітаптарды қалай дұрыс өңдеу керек» деген ұсыныстары бар бетбелгілер табыс етілді. Кездесу өте тартымды және қызықты өтті.
|
18
Ақпан
2025
|
«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі Жұмекен Нәжімиденовтың шығармалары бойынша «Абай атындағы» ЖОББМ-нің 6 сынып оқушыларымен «Отанға деген сезім» атты поэзиялық сағатын өткізді. Балалар Ж.Нәжімиденовтың «Отан туралы», «Ұлым, саған айтам», «Менің әкем», «Көп емес-ау саған артар миндетім» өлеңдерін қызығушылықпен оқыды. Әр өлеңі қатысушыларға Отан, туған өлке туралы білуге мүмкіндік берді. Іс-шара соңында балалар «Жұмекен Нәжімеденов-ақын әлемі» тақырыбы бойынша танымдық викторинасының сұрақтарына жауап берді.













