«Кітаппен кездесу – мереке!» жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі мектепалды даярлық сынып оқырмандарымен «Қыс құпиялары» атты жұмбақтар сағатын өткізді. Балалар қыс мезгілі туралы жұмбақтарға жауап бере отырып, табиғаттағы қызыққа толы ғажайыптарды қадағалады. Олар ұлпа қардың жерге қалай түсетінін бақылап, қыс уақытына байланысты әртүрлі құбылыстарды зерттеп көрді. Іс шараға қатысушылар «Табиғаттың құпиялары», «Қыстың сиқыры» шығармашылық ойындарына белсене қатысты. Балалар суреттер арқылы сөздерді таба отырып, қыстың суретін бейнеледі. Соңында «Что за волшебница зима» мультфильмін тамашалап, қыс тақырыбы бойынша кітап көрмесіндегі әдебиеттермен танысты.
|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
|---|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
МЕНЮ





