Халықаралық кітапты сыйға тарту күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде оқырман-балалармен кітапты сыйға тарту акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында «Жақсы кітап – жылы жүректен» ақпараттық сағаты мен «Ғажайып беттер әлемі» әдеби викторинасы өтті. Жас оқырмандар мен олардың ата-аналары кітап беру күнінің тарихымен танысып, балалар жазушыларының кітаптың адам өміріндегі рөлі туралы айтқан сөздерін еске алды. Акция барысында балалар 11 дана кітап басылымдарын сыйға тартты. Өздерінің сыйға әкелген кітартарын «Оқырман бізге сыйлады...» көрмесіне орналастырды. Сыйлыққа берілген кітаптардың ішінде ертегілер, өлеңдер, фольклорлық шығармалар, сыныптан тыс оқуға арналған кітаптар бар.
|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
|---|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
МЕНЮ





