Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
---|
10
Мамыр
2024
|
Белоусов ауылдық кітапхана мектеппен бірлесіп бастауыш сынып оқушылар арасында "Менiң анам ең керемет" атты суреттер сайысын өткізді. Бұл сайыс, осы жылы Қазақстанда алғаш рет жаңа мереке "Аналар мерекесі" тойлап жатқанына орай ұйымдастырылған. Оқушылар бұл сайысқа белсенді қатыстып, ең керемет суреттері үшін тәтті сыйлықтарға ие болды.
4
Мамыр
2024
|
ҰОС-ның Жеңіс күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде балалар мен ересек оқырмандардың қатысуымен "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс" атты тарихи сағат өтті. Қонақтардың назарына "Жеңімпаздар жолдарымен", "Соғыс туралы кітаптарды оқыңыз!", "Соғыс сарбаздары","Қазақстандық батырлар –мәңгі жадымызда" музыкалық бейне-роликтер көрсетілді. Іс-шара барысында 1941-1945 жылдардағы оқиғаларды тереңірек білуге арналған «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап викторинасы, мақал-мәтелдер сайысы, «Отан, батылдық, ерлік туралы» өлеңдер байқауы өткізілді.
26
Сәуір
2024
|
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов ЖОББМ-нің мектепалды даярлық тобының оқушыларының қатысуымен "Ынтымақ, бірлік - ең басты байлық" атты әдеби-ойын сағатын ұйымдастырды. Балалар мереке тарихымен танысты. Көктем, Отан, Қазақстан халықтарының достығы туралы әндер мен өлеңдер айтылды. Балалар шеңбер құрып, би биледі. Соңында "Октау тартысы", "Кегельбан", "Картопты қасықпен тасу" қозғалыс ойындарын ойнады. Іс-шара "Шашу"рәсімімен аяқталды.
25
Сәуір
2024
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі "Оқу-ашылумен тең" жобасы аясында Абай атындағы ЖОББМ-нің 2 сынып оқушылары арасында "Балалар бағының бағбандары" атты дауыстап оқу байқауын өткізді. Байқауға қатысушылар қазіргі қазақ жазушыларының шығармашылығымен танысты. Олардың орындауында мерейтойлық ақындар Ә.Балта, О.Әубәкіров және Б.Қошым-Ноғай шығармалары орындалды.
24
Сәуір
2024
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 8-10 сынып оқушылары үшін "Кез келген мамандық қадірлі. Каждая профессия в почете" атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Оқушылар "Кітаптан мамандыққа" тақырыбында өткен зияткерлік ойынына белсенді қатысты. "Мамандықты атаңыз" және "Мамандықты тап" тапсырмаларында өлеңдер оқып, мамандықтарға әдеби ұрандар таңдап, әртүрлі қызмет түрлері туралы бейнесюжеттер тамашалады. Қатысушылар әртүрлі мамандықтар туралы әңгімелейтін әдебиеттерді қарап, кітапқа деген қызығушылықтарын танытты. Соңында павлодарлық авторлардың жаңа кітаптарымен танысты.
23
Сәуір
2024
|
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 4-6 сынып оқырмандарының қатысуымен "Қызықты кітаптың қызықты тағдыры " атты әдеби көкжиек ойыны өтті. Балалар кітапханада сирек кездесетін басылымдармен, әр түрлі форматтағы балаларға арналған кітаптармен танысты. Қатысушыларға "Книжный карусель" сайысында әдеби ойын кезінде кітап туралы жұмбақтар мен мақал-мәтелдер ұсынылды. Іс-шара барысында оқырмандар павлодарлық авторлардың өлеңдерін оқып, жаңадан келіп түскен кітаптармен танысты.
18
Сәуір
2024
|
"Кітаппен кездесу - мереке!" жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің мектепалды даярлық тобы оқушыларымен «Кім қалай ән салады? Кто чем поет?» атты бейне-саяхат өткізілді. Кітап көрмесінде ұсынылған әңгімелер мен ертегілер арқылы жас оқырмандар орманда мекендейтін жәндіктер, жануарлар және құстармен танысты. Іс-шара бағдарламасында "Қандай құстар ән салады?" бейне-викторинасы өтті. Сонымен қатар балалар "Сен кімсің?", "Үйіңді тап" қимыл-қозғалыс ойындарын ойнап, әдебиеттерге шолу жасады.
9
Сәуір
2024
|
Космонавтика күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Абай атындағы ЖОББМ-нің 1 сынып оқушыларына "Жер планетасының жұлдызды ұлдары" атты эрудит сағаты өтті. Бағдарламада "Ғарышқа қол жеткізгендер" ақпараттық сағат,"Планетаны тап", "Сен білесің бе?" интеллектуалды ойындары, "Ақындар ғарыш туралы" оқырмандар байқауы, "Ғарышқа саяхат" кітап көрмесінің тұсаукесері ұйымдастырылды.