ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
Успен а.
8(71834)91542
kense@uspen.kz

Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района

МЕНЮ

Құрметті сайт қонақтары!

Ресми сайтқа қош келдіңіз
Успен ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі!

Бөлімге өтіңіз
29
Мамыр
2024

Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде оқырмандар үшін Павлодар ақыны Сәбит Дөнентаевтың 130 жылдығына арналған «Мейірімділік пен әділеттілікті зерттеуші» атты әдеби шолу ұйымдастырылды. Балалар ақынның өмірі және шығармашылығымен танысып, автордың туындыларынан монологтарды эмоционалды түрде орындады.

24
Мамыр
2024

"Оқу - ашылумен тең" жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Абай атындағы ЖОББМ-нің 3 сынып оқушыларымен "Әдебиеттегі жаңа есімдер" атты әдеби фреш ұйымдастырылды. Балалар қазақстандық балалар жазушыларының түрлі жанрдағы шығармаларымен танысты. Оқушылар заманауи ақындардың өлеңдерін оқып, жұмбақтар шешіп, "Жаңылтпаштар" ойын-сайысына қатысты. Ә.Имайоның "Сиқырлы скрипканың ертегісі", В.Кастрючиннің "Желаяқ қоян және оның достары", Е.Сейдахметтің "Жалқау құмырсқа", Ө.Ақыпбекұлының "Құпия оқулық" және тағы басқа ақын, жазушылардың кітаптарымен танысты.

23
Мамыр
2024

«Бір ел - бір кітап» республикалық акция аясында балалар жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Абай ЖОББМ-нің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Бердібек Соқпақбаев» атты бейне-саяхат ұйымдастырылды. Іс шара барысында оқушылар «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» повестерінен әдеби диалог құрды. Оқырмандарға «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетілді. Фильм соңында көрермендер өз ой-пікірлерімен бөлісті.

15
Мамыр
2024

Халықаралық Отбасы күні аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ оқушыларының қатысуымен "Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ" атты әдеби лото ұйымдастырылды. Жас оқырмандар мен олардың ата-аналарымен кітапханашылар "Мен және менің отбасым» лото-ойынын ойнатты. "Менің отбасым" бейнефильм көрсетілді. Балалар "Әлем отбасы , отбасы-әлем" тақырыбында кітап көрмесін тамашалады. Іс шара соңында "Простоквашино туралы жаңа әңгімелер" атты мультфильм көрсетілді.

11
Мамыр
2024

Аналар күні мерекесі қарсаңында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде "Алтын жүрек ананың мейірімі шексіз. Мама… чьё сердце не имеет границ» атты әдеби қонақжай ұйымдастырылды. Іс-шараға оқырман балалар аналарымен және "Успен ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы" балалары қатысты. Кітапханашылар қонақтарды әлем елдерінде бұл мереке қалай тойланатыны туралы және оның шығу тарихымен таныстырды. Жас оқырмандар әдеби-конкурстық бағдарламада өлеңдер оқып, "Сиқырлы сөздердің сөздігін" құрастырып, "Ертегі аналар"викторинасында әдеби кейіпкерлерді тауып, белсенділік танытты. Соңында "Менің анам сиқыршы" мультфильмін тамашалап, кездесу әсерлі аяқтады.

10
Мамыр
2024

Белоусов ауылдық кітапхана мектеппен бірлесіп бастауыш сынып оқушылар арасында "Менiң анам ең керемет" атты суреттер сайысын өткізді. Бұл сайыс, осы жылы Қазақстанда алғаш рет жаңа мереке "Аналар мерекесі" тойлап жатқанына орай ұйымдастырылған. Оқушылар бұл сайысқа белсенді қатыстып, ең керемет суреттері үшін тәтті сыйлықтарға ие болды.

4
Мамыр
2024

ҰОС-ның Жеңіс күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде балалар мен ересек оқырмандардың қатысуымен "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс" атты тарихи сағат өтті. Қонақтардың назарына "Жеңімпаздар жолдарымен", "Соғыс туралы кітаптарды оқыңыз!", "Соғыс сарбаздары","Қазақстандық батырлар –мәңгі жадымызда" музыкалық бейне-роликтер көрсетілді. Іс-шара барысында 1941-1945 жылдардағы оқиғаларды тереңірек білуге арналған «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап викторинасы, мақал-мәтелдер сайысы, «Отан, батылдық, ерлік туралы» өлеңдер байқауы өткізілді.

26
Сәуір
2024

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов ЖОББМ-нің мектепалды даярлық тобының оқушыларының қатысуымен "Ынтымақ, бірлік - ең басты байлық" атты әдеби-ойын сағатын ұйымдастырды. Балалар мереке тарихымен танысты. Көктем, Отан, Қазақстан халықтарының достығы туралы әндер мен өлеңдер айтылды. Балалар шеңбер құрып, би биледі. Соңында "Октау тартысы", "Кегельбан", "Картопты қасықпен тасу" қозғалыс ойындарын ойнады. Іс-шара "Шашу"рәсімімен аяқталды.

© 2025. Все права защищены.