Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
---|
14
Маусым
2024
|
Биыл 14 маусым күні Қазақстанда жаңа мереке Әке күнің тойлап жатыр. Белоусов ауылдық кітапхана мектеппен бірлесіп бастауыш сынып оқушылар үшін "Менiң әкем бәрінен керемет!" суреттер сайысын өткізді. Балалар белсенділік танытып, тәтті сыйлыққа ие болды.
13
Маусым
2024
|
Жазғы оқу бағдарламасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде денсаулық мерекесі өтті. "Денсаулық планетасының ханшайымына" М. Жұмабаев атындағы ЖОББМ- нің оқушылары қатысты. Денсаулыққа байланысты спорттық эстафета мен "Денсаулық - тазалықтан басталады", "Дәрумендер алфавиті" түрлі танымдық ойындар мен мультфильмдер көрсетіліп және кітап көрмесі мен таныстырылды.
12
Маусым
2024
|
Жазғы оқу бағдарламасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 0-2 сынып оқушыларының қатысуымен Әкелер күніне арналған «Барлығы әкем тұралы» атты әдеби-ойын сағаты өтті. Іс-шара барысында балалар әке туралы өлеңдерді тыңдап, "Менің әкем - нағыз шебер адам", "Әкемнің жоғалған заттары" ойын-сайыстарына қатысып, "Қасқыр мен бұзау" мультфильмін және "Әкеме арналған ән" музыкалық бейнеролигін тамашалады. Іс шара соңында балаларға "Әкелер туралы кітаптарда не жазылады"тақырыбында кітап көрмесі әзірленді.
11
Маусым
2024
|
А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің жазғы лагеріндегі балаларға арналған жазғы оқу бағдарламасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы "Гүлдер алаңы - оқырмандар тілегі" атты акциясын ұйымдастырды. Кітапхана алаңында "Менің сүйікті ойыншықтарым»,"Ертегі басқатырғышын құрастырыңыз", "Ең үлкен сабын көпіршігін үрлеңіз", "Кітап кейіпкерлерінің тілектері бар жеделхаттар" сияқты түрлі әдеби, шығармашылық аймақтар жұмыс істеді. Оқырмандар барлық тапсырмаларды сәтті орындағаннан кейін, гүл жапырақшаларында кітапханаға, өзіне, достарына – сәттілік, амандық тілеп, кітапхананы жаңа кітаптармен толықтыру туралы пікірлерін білдірді.
7
Маусым
2024
|
Жазғы оқулар бағдарламасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы «Ең мықтыларды рингке шақырамыз!" атты спорттық көңіл-күй күнін өткізді. Абай атындағы ЖОББМ-нің спорт залында екі командадан құрылған 0-5 сынып оқушылары қатысты, олар "Алтын қасық", "Алда кедергілер күтіп тұр", "Сиам егіздері", "Бадминтон","Кенгуру", "Сиқырлы арқан" жарыстарында өздерінің шеберліктерін, ептіліктерін көрсе білді. Іс-шара соңында балалар "Әркашан да деніміз сау болсын!» кітап көрмесіндегі кітаптарды тамашалады.
4
Маусым
2024
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Жазғы кітап бояулары» атты жазғы кітап оқу бағдарламасы аясында «Танымдық геральдика» тақырыбында медиа-викторина өтті. Абай атындағы мектептің жазғы лагерінің 0-5 сынып оқушылары мемлекеттік рәміздердің тарихымен танысты. Викторина барысында балалар "Таңғажайып алаңы" ойынында рәміздер туралы өз білімдерін көрсете білді. Үстелде түрлі тапсырмалары бар карточкалар қойылды, мысалы, Әнұраннан сөздер жинау, Қазақстан туралы өлең оқу, ту туралы сұрақтар, Елтаңбаның барлық элементтерін атау. Іс-шара «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің тарихы» атты кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.
4
Маусым
2024
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашылары Балаларды қорғау күніне орай 1-6 сынып оқырмандары мен олардың ата-аналары үшін "Барлық әлем жақсылығы – балаларға" атты жазғы кітап әлеміне саяхат-ойын өткізді. Залда "Әлем бейбітшілігі - балалар арманы» тақырыбында кітап көрмесі, «Оқы-компания" және "Ертегілер мен көңілді аралдар» оқу алаңы ұйымдастырылды. Жас оқырмандарға әдеби кейіпкерлер - «Күннің көзі» капитаны мен Сайқымазақ көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Маршруттарда әдеби ойындар мен "Ертегіні тап", "Ертегінің таңғажайып алаңы", "Объективте балалық шақ", "Жазғы көңілді жаттығулар", "Мені тап" ойындары ойналып, музыкалық би кешімен жалғасты. Балалық шақтың жазғы мерекесі "Арт – фантазия" асфальтында сурет салу байқауы мен тәтті сыйлықтар табыстаумен аяқталды.
1
Маусым
2024
|
1 маусым Белоусов ауылдық кітапхана ауыл МҮ бірігіп "Қош келдің жаз" балаларға арналған ойынсауық бағдарлама өткізді. Балалар жаз тақырыбына суреттер салды, көңілді сайқымазақ "Эстафета", "Мысық пен тышқан", "Ағын" ойындар ойнатты. Іс- шараның соңында балалар тәтті сыйлықтарға ие болды.