Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
---|
10
Маусым
2025
|
"Балалар оқулары" жобасы шеңберінде Белоусов ауылдық кітапхана "Г. Х. Андерсен-Датск сиқыршысы" әдебиттік сағат өткізді. Бұл іс - шарада балалар "Түймеқыз", "Ұсқынсыз үйрек" ертегілер тыңдады. Жұмақтар шешті, сұрақтарға жауап берді. Іс-шараның соңында ертегілерден үзінділері бар боямақтар алды.
5
Маусым
2025
|
«Жаз бойы кітап оқимыз» жазғы оқу бағдарламасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің мектеп жанындағы жазғы лагеріндегі 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Мен оқыдым, бірақ сенімен оқу қызықты» атты әдеби окулары өтті.Сиқырлы кітап әлемінің қиялына бөленген жас оқырмандар кітап кейіпкерлері пошташы Печкин және Почитайкамен кездесіп, «Үй жұмбақтары», «Ертегі саяхаттары», «Сізге жеделхат келді!», «Кім, не деді?», «Бейтаныс жан», «Тәтті викторина» әдеби-ойын аялдамаларына тоқтап, ертегілер, жұмбақтар шешті. «Сәлеметсің бе, ертегі!» кітап көрмесінен балалар жазғы каникулда өздеріне ұнайтын қызықты кітаптарды үйлеріне алды. Іс-шара «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім» атты сурет байқауымен аяқталды.
5
Маусым
2025
|
Мемлекеттік Рәміздер күніне орай, Белоусов ауылдық кітапхана "Біздің мемлекеттік Рәміздер" патриоттық сағат өткізді. Кітапханашы рәміздердегі әрбір элементі бір нәрсенің белгісі туралы айтты. Мысалы: тудың көгілдір түсі - бейбітшіліктің белгісі, қанатты қыран - бостандықтың белгісі. Бірігіп "Ту", "Елтаңба", "Әнұран" сөзжұмбақтар шешті.
4
Маусым
2025
|
ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Жаз бойы кітап оқимыз» жазғы оқу бағдарламасы аясында «Туым-намыс, ұраным-бірлік, рәміздерім-мақтанышым» атты тарихи-танымдық калейдоскопы ұйымдастырылды. Абай атындағы ЖОББМ-нің жазғы лагерінің 0-5 сынып оқушылары мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихымен танысты. Балалар «Танымдық геральдика» медиа-викторинасы кезінде ҚР рәміздері туралы білімдерін көрсете білді. Үш топқа бөлінген қатысушылар «Сөйлемдер құрастыр», «Елтаңба элементтерін ата» тапсырмаларды орындап шықты. «Өлең сөзінің шебері» байқауында балалар Қазақстан, ту, гимн, елтаңба туралы өлеңдер оқыды. Іс-шара «Бейбітшілік пен бірліктің нышаны» атты кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.
4
Маусым
2025
|
"Балалар оқулары" жазбасы шеңберінде Белоусов ауылдық кітапхана "Ертегілер әлеміне саяхат" ойын бағдарламасын өткізді. Бұл іс - шарада балалар жұмбақтар және сөзжұмбақтар шешіп, ертегілерден үзінділер оқыды. Іс-шараның соңында балалар ертегілер кейіпкерлері бар боямақтар алды.
3
Маусым
2025
|
Балаларды қорғау күніне және жазғы оқулардың басталуына орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі МШЖ бөлімімен бірлесіп, 1-6 сынып оқырмандарының қатысуымен «Алақай, алақай, шуақты жаз келді көңілді!» атты ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Ертегі кейіпкерлері - Леши, Карлсон және Жаз ханшайымы кітапхананың жас оқырмандарын жазғы ойын алаңдарында қарсы алды. Балалар «Шабындықта», «Жаңбыр, жаңбыр жау, жау» спорттық жарыстарына, «Ал, бізде КАНИКУЛ!», «Жаздың бір күні...» сияқты ойындарына және «Ертегіні есіне түсіріп көр», «Тәтті жұмбақтар» әдеби байқауларына белсене қатысты. Кітапханашылар оқырмандарды «Балалық шақты қорғайық» кітап көрмесінде ұсынылған кітаптармен таныстырды. Жаздың таңғажайып әлеміне саяхат өте қызықты және көңілді болды. Дәстүр бойынша әрбір кішкентай қатысушы тәтті сыйлықтарға ие болды.
1
Маусым
2025
|
1 маусым Белоусов ауылдық кітапхана ауыл МҮ бірігіп "Қош келдің жаз" балаларға арналған ойынсауық бағдарлама өткізді. Балалар жаз тақырыбына суреттер салды, көңілді сайқымазақ "Эстафета", "Мысық пен тышқан", "Ағын" ойындар ойнатты. Іс- шараның соңында балалар тәтті сыйлықтарға ие болды.
28
Мамыр
2025
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 3-6 сынып оқырмандарының қатысуымен «Мамандығым-мақтанышым» атты танымдық сағаты өтті. Балалар ауылдық жерлерде қажетті жұмысшы мамандықтардың алуан түрлерімен танысып, Қазақстанда 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғанын білді. Оқушыларға жұмысшы мамандықтардың неліктен маңызды екендігі және олардың біздің күнделікті өмірімізге қалай қатысы бар екендігі туралы түсіндірілді. Жас оқырмандар «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» зияткерлік турниріне белсенді қатысты. Балалар тапқырлық танытып, «Әдебиеттегі мамандықтар», «Жаңа заман мамандықтары» тапсырмаларын сәтті орындады.