Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
---|
30
Қазан
2024
|
Мектеп демалысы кезінде аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің «Пайдалы ғылымдар академиясы» клубы аясында М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің 4 сынып оқушыларына «Үш жол және көптеген аялдамалар» атты интеллектуалды брейн-ринг ойыны ұйымдастырылды. Ойынға қатысушылар «Оңға барасың-жұмбақтар әлеміне кіресің», «Солға бұрылсаң-ертегі әлеміне кіресің», «Егер тура жолдармен жүрсең, сынақтардан өтесің!» тақырыптық жолдар арқылы сынақтардан өтті. Балалар «Сөзді түсіндіріңіз», «Интеллектуальные догонялки», «Сүйікті кейіпкерлердің мекен-жайлары», «Жұмбақтың жаубын тауыр көр!» тақырыптық турларға қатыса отырып, өз білімдерін көрсете білді. «Техникалық прогресс шежіресі», «Сізді ертегілер әлемі күтеді!» атты экспозициялық кітап көрмесіндегі кітаптар оқушыларға ғылым, техника, көркем сөз саласындағы әдеби білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.
24
Қазан
2024
|
Республика күніне орай Белоусов ауылдық кітапханасы " Туған жерім Қаазақстан" патриоттық сағатын өткізді. Кітапханашы осындай тақырыптарға назар аударды: ҚР рәміздері, табиғи байлықтар, қазақ халқының салт-дәстүрлері. Балалар осы тақырыптар бойынша бейнероликтерді көріп, шағын дәріс тыңдады. Отан туралы өлеңдер оқыды. Іс-шара соңында кітапханашы блиц-сауалнама жүргізді. Белсенді қатысқаны үшін балалар тәтті сыйлықтар алды.
9
Қазан
2024
|
Балалар жазушысы Нелли Ваккердің туғанына 105 жыл толуына орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «Түрлі-түсті бояулар патшалығы» атты әдеби оқулар ұйымдастырды. А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 4а сынып оқушылары танымдық ертегілердің авторымен және ақынның шығармашылығымен танысты. Кітап кейіпкерлерімен бірге балалар гүлдер әлеміне саяхат жасап, неміс және орыс тілдерінде ұсынылған "Гүлдер не туралы айтады", "Сиқырлы қарындаш" жинақтарындағы ертегілерден үзінділер және «Березка», «Сказки», «Четыре мага» автордың өлеңдерін оқыды. Балалардың Нелли Ваккердің шығармашылығымен алғашқы танысуы үлкен әсер қалдырды.
26
Қыркүйек
2024
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде "Пайдалы ғылымдар академиясы" клубы аясында "Орман сыйлықтары" атты экологиялық мозаикасы өтті. Осы шараға А. Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 7 "а" сынып оқушылары қатысты. Оқушылар "Ізденімпаздарға арналған Экология"атты кітап көрмесінен ормандағы жануарлар мен алуан түрлі өсімдіктерімен танысты және «Табиғат» сөзін құрастыр, «Саңырауқұлақты жина», «Жидек дегеніміз не?»әртүрлі ойындарға қызығушылықпен қатысты.Сонымен қатар "Қазақстанның жабайы табиғаты", "Күзгі орман жолдары"атты бейне-роликпен жалғасты.
4
Қыркүйек
2024
|
2024ж.04.09. Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Абай атындағы ЖОББМ-нің 6 сынып оқушыларына арналған «Менің тілім-менің қазынам» атты танымдық сағат өтті. Балалар мереке тарихымен танысып, әлем тілдері туралы қызықты ақпараттарды білді. Оқушылар «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Кім көп жаңылтпаштар біледі?», «Полиглот» ойынына қатысты. Кітапхананың жас оқырмандары қазақ балалар ақындарының ана тілі туралы өлеңдері оқып, тілектерін білдірді. Іс-шара «Тіл-мәдениет айнасы" кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге шолу жасаумен аяқталды.
3
Қыркүйек
2024
|
2024ж.03.09 Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Мен кітап оқығанды ұнатамын!» атты интеллектуалды квис өтті . Абай атындағы ЖОББМ-нің 6 сынып оқушылары «Білгішпектер» еліне бару үшін олар онда тапқырлық, ойлау жылдамдығы мен зейінділік таныта алатын түрлі тапсырмаларды орындады. «Ақылды кітаптар көрмесі» тақырыбындағы кітап көрмесі оқырмандарды математика, физика, биология және басқа да білім салаларындағы ғылыми-танымал басылымдармен таныстырды.
29
Тамыз
2024
|
2024ж.29.08 Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 4-6 сынып оқушыларына арналған Конституция күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан Республикасының Заңы- балалық шақты қорғау» атты құқықтық брейн-ринг ұйымдастырылды. Ойын түрінде балалар Заңның негізгі баптарымен танысты. Ойын келесі станциялардан тұрды «Менің құқығым бар», «Жағдаятты шешу». Іс шара соңында «Ата Заң – алтын тұғырымыз!» кітап көрмесіне шолу жасалды.
21
Тамыз
2024
|
2024ж.21.08. Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Туған өлкенің келбеті" атты сурет байқауы өтті. Байқауға 4-7 сынып оқушылары қатысты. Кітапхана оқырмандары өз суреттерінде ауылды, үйлерін, мектептерін, көшелерін, сүйікті демалыс орындарын, өздерін және достарын бейнеледі. Балалар өз жұмыстарында туған өлкесі мен ауылын қалай жақсы көретінін көрсе білді. Іс шара оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге ықпал етті. «Менің бақытым - осы жерде туып өскенім» атты әдебиеттерге шолу барысында қатысушылардың әрқайсысы өз ауылының тарихымен танысты.