Мы в социальных сетях!

ок  вк  фб  

mainimage1

«Kitap Time-2022»

23 қыркүйек күні Жалпы Республикалық «Kitap Time-2022» фестивалы аясында Қозыкеткен ауылдық кітапханасының 80 жылдық мерейтойына арналған «Кітапхана- мәдениеттің алтын діңгегі» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік іс –шараға Успен аудандық мәслихатының хатшысы Ж.Р. Бараисов, «Ауыл» партиясының депутаты Б. Ж. Бекенов және «Аманат» партиясының депутаты Ж. А. Каримова қатысып, ауыл тұрғындарына және кітапхананың оқырмандарына шығармашылық табыс тіледі. Шара барысында кітапхана тарихы туралы бейнеролик көрсетілді, сонымен қатар А. Байтұрсыновтың «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі және Е. Елубаевтың «Қырғыннан құтқарған қарлығаш» қойылымы тамашаланды. Осы кешке арнайы келген қонақтарымызға алғысымыз шексіз.

https://www.instagram.com/reel/Ci2Z3aupprG/?utm_source=ig_web_copy_link

Еңбек күніне орай Успен аудандық кітапханасында дөңгелек үстел өтті.

Еңбек күніне орай Успен аудандық кітапханасында дөңгелек үстел өтті. Осы шараға
"Истоки" клубының мүшелері ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагерлері қатысып, Аграрлық- техникалық колледжінің І - курс студенттеріне өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен ой- бөлісті. Сонымен қатар, іс - шарада кәсіби мамандық таңдау және еңбек туралы мақал - мәтелдердің жалғасын табу ойындары өткізілді. Қатысушылар өз ойларын тереңнен ортаға салып, белсенділік таңыта білді.

https://www.instagram.com/reel/Ci2CfUNrbJa/?utm_source=ig_web_copy_link

"Келіңдер, кітап оқиық !"

16 қыркүйек күні " Кешкі кітапхана" жобасы аясында "Келіңдер, кітап оқиық !" атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына кітаптар ұсынылды
16 сентября в рамках проекта "Вечерняя библиотека" районная библиотека организовали книжный киоск "Читальный зал под открытым небом". Читатели разного возраста подбирали книги к своему настроению.

 https://www.instagram.com/reel/CikZhCopF5v/?utm_source=ig_web_copy_link

Additional information