Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
---|
21
Ақпан
2025
|
«Кітаппен кездесу – мереке!» аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің мектепалды даярлық тобының жас оқырмандары арасында «Кітап қорғауды талап етеді» атты жақсылық жасау акциясын ұйымдастырды. Іс шара басында балалар «ауыратын» кітап кейіпкерінің оқиғасын, шағымдарын тыңдап, «науқас» кітабы неден ауырғанын анықтады. Барлық балалар «Кітап ауруханасы» байқауына бірге қатысып, дәрігерлер мен пациенттер рөлін атқарып, кітаптарға алғашқы көмек көрсетуді үйренді. Акция соңында оқушылар «Кітап- сенің ең жақын досың», «Балалар, кітаптарға сақ болыңдар!» балалар ақындарының өлеңдері мен әндерін тыңдап, «Кітаптарды қалай дұрыс өңдеу керек» деген ұсыныстары бар бетбелгілер табыс етілді. Кездесу өте тартымды және қызықты өтті.
18
Ақпан
2025
|
«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі Жұмекен Нәжімиденовтың шығармалары бойынша «Абай атындағы» ЖОББМ-нің 6 сынып оқушыларымен «Отанға деген сезім» атты поэзиялық сағатын өткізді. Балалар Ж.Нәжімиденовтың «Отан туралы», «Ұлым, саған айтам», «Менің әкем», «Көп емес-ау саған артар миндетім» өлеңдерін қызығушылықпен оқыды. Әр өлеңі қатысушыларға Отан, туған өлке туралы білуге мүмкіндік берді. Іс-шара соңында балалар «Жұмекен Нәжімеденов-ақын әлемі» тақырыбы бойынша танымдық викторинасының сұрақтарына жауап берді.
7
Ақпан
2025
|
Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 5-8 сынып оқырмандарының назарына «Жер-біздің орталық үйіміз» атты әңгіме-көрме әзірленді. Жер планетасы бәрімізге ортақ үй екенін мектеп оқушылары энциклопедия тақырыптарында жүйеленген «Жердің су кеңістігі», «Таулар мен ормандардың маңында», «Ойын-сауық географиясы» бөлімдер арқылы танып, білді. Көрмеге келушілермен «Жер планетасының құпияларын түсіну» тақырыбында шолулар, викториналар және білімділер байқаулары өткізілді.
31
Қаңтар
2025
|
Успен ауданының 90 жылдығына орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімімен «А.Байтұрсынов атындағы» ЖОББМ-нің 6-сынып оқушылары арасында «Туған өлкені жақсырақ танып біл!» атты білімділер турниры өткізілді.
Балалар «Аудан тарихы: сандар мен фактілерде», «Мен сендерге Әли ауылы туралы айтып беремін», «Успенка ауылының тарихындағы есімдер», «Менің өлкемнің флорасы мен фаунасы» тақырыптық раундтар кезінде өз білімдерін көрсете білді. Қатысушылар «Тауып көр!» тапсырмасында слайдтағы фотосуреттер арқылы Успен ауылының құрылыс ғимараттарын болжап, салыстырып, таба білді. Ойын балаларға туған өлке туралы білімдерін байытуға, кішкентай Отаны туралы қызықты ақпараттың қоржынын толықтыруға, ауданның көрнекті тұлғалары туралы танымдық ақпарат алуға көмектесті. Іс-шараға қосымша «Өлке тарихы. Оқиғалар. Адамдар» кітап көрмесі балалардың білімдерін кеңейте түсті.
30
Қаңтар
2025
|
«Кітаппен кездесу – мереке!» жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «М.Жұмабаев атындағы» ЖОББМ-нің мектепалды даярлық тобының оқушыларына «Встреча с Ученым котом» атты интеллектуалды брейн-ринг ұйымдастырды. Жас оқырмандар Оқымысты мысық ролінде болған жүргізушімен бірге мерекеге қатысып, өздерінің тапқыр, шапшаң екендерін көрсетті. Ойын жалпы сұрақтар мен жұмбақтар раундынан тұрды. Содан кейін балалар «Так бывает или нет?», «Поле загадочных чудес», «Слова наоборот», «Технические открытия», «В какое время года?» раундтарында логикалық ойлауға арналған тапсырмалар сұрақтарына жауап берді. Жүргізуші балаларға кітап оқудың маңыздылығы туралы, ойлау және сөйлеу қабілеттілігін дамытатыны жөнінде әңгіме жүргізді.
29
Қаңтар
2025
|
«Кітаппен кездесу-мереке!» жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «А.Байтұрсынов атындағы» ЖОББМ-нің мектепалды даярлық тобының оқушыларының қатысуымен «Ғажайып патшалықта» атты әдеби-ойын сағатын өткізді. Балалар «По неведомым дорожкам», «Наливное яблочко», «Белгісіз жолдармен», «Колобокобоулинг» әдеби-спорттық жарыстарына қатысып, жақсы әсер алды. Сиқырлы әлемге көңілді саяхат соңында оқырмандар «День рождение Кощея» атты заманауи ертегісін тыңдады.
28
Қаңтар
2025
|
Белоусов ауылдық кітапханасы мектеппен бірлесіп Махмет Қайырбаев 100 жылдығына орай "Батырдың жолы" патриоттық сағат өткізді. Кітапханашы Ұлы Отан сағысы халық үшін қиын сынақ болғаны туралы айтты, бірақ М. Қайырбаев сияқты батырлар арқасында, біз жеңіске жеттік. "Батырдың жолы" видеобейне көріп, "Совет Одағының батыры М. Қайырбаев туралы естеліктер" кітаптан үзінділер оқыды.
9
Қаңтар
2025
|
Белоусов кітапханасы қысқы демалыс кезінде балаларға арналған, «Мальвина Миклоша» "Рождестволық әңгімелер" кітаптарын дауыстап оқу іс-шара өткізді. Балалар" Имбирь тәттілері " әңгімесімен танысты. Бұл әңгімеде үш апалы-сіңлі мерекеге орай тәттілер пісіргені туралы жазылған. Әңгіме достыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Бірлік болған кезде, кез-келген іс жеңіл түседі.