2024ж.15.11 Ұлттық валюта күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі Абай атындағы ЖОББМ-нің 6 сынып оқушылары үшін «Ұлттық теңге-кемел болашақтың кепілі» атты танымдық сағатын ұйымдастырды. Кітапханашылар балаларды еліміздегі ақшаның қалай пайда болуы және тарихымен таныстырды. Қатысушылар «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап ойынына, «Мақал-мәтелді жалғастыр» блиц-сауалнамасына, «Сиқырлы сандық» ойынына қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өздеріне берілген ақшаны ұтымды есептеуге тырысып, тапқырлық пен қаржылық сауаттылықтарын көрсе білді. «Ғасыр қазынасы - теңге» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда «Қаржы туралы» білім беру бағдарламасы аясында «Балаларға қаржы туралы» сериясындағы әдебиеттер және Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері туралы анықтамалық басылымдар ұсынылды.
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
---|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
МЕНЮ