ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
Успен а.
8(71834)91542
kense@uspen.kz

Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района

МЕНЮ

Құрметті сайт қонақтары!

Ресми сайтқа қош келдіңіз
Успен ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі!

Бөлімге өтіңіз
28
Сәуір
2025

Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде қазақ жазушысы С.Сарғаскаевтың 100 жылдығына арналған «Балалық шақтағы адал достарым» атты әдеби журналы өтті. Кітапханашы 3-5 сынып оқырмандарын Сансызбай Саргаскаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстырып, оның қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі жөнінде айтып, прозалық шығармаларын қазақ тілінде ұсынды. Балалар жазушының өз шығармаларының сюжеттерін 20 ғасырдың 70-жылдарындағы құрдастарының шынайы өмірден алынғанын естіп, білді. Оқушылар «Тампіш қара», «Сұлутөр», «Дузя» әңгімелерінен үзінділер оқыды. Іс-шара «Біз бәріміз балалық шақтанбыз» кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.

28
Сәуір
2025

Белоусов ауылдық кітапханасы «Менің жерім - Успен өлкесі» өлкетану сағатын өткізді. Кітапханашы Белоусов ауылының қысқаша тарихымен таныстырды. «Успен ауданы», «Қазақстан КСР-30 жыл» бейнероликтер тамашалады. «Успен жері», «Жомарт жүректер ел», «Адам жер үстінде» - кітаптарға шолу жасалды.

 Іс-шара Успен ауданының 90 жылдығына арналған.

28
Сәуір
2025

 Белоусов ауылдық кітапхана Ұлттық кітап күніне орай "Ертегілер еліне саяхат" ойын бағдарламаны өткізді.

  Бұл іс - шарада балалар жұмбақтар және сөзжұмбақтар шешіп, ертегілерден үзінділер оқыды. Іс-шараның соңында балалар ертегілер кейіпкерлері бар боямақтар алды.

17
Сәуір
2025

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап беттерінің құпиясы» атты библиосағат ұйымдастырды. Балалар бұл күннің тарихымен танысып, ата-бабаларымыз қандай кітаптарды оқығаны жөнінде және кітап ескерткіштері қайда орнатылғаны туралы білді. Оқырмандар назарына «Оқылмаған кітаптар еліне саяхат» әдеби вернисажы ұсынылды, «Кітапты оқы да, – әлемді таны» атты оқулары өтті. Балалар павлодарлық балалар жазушылары мен ақындарының түрлі жанрдағы шығармаларымен танысты.
Қорытындылай келе, барлық қатысушылар «Мен кітаптар туралы не ойлаймын...» тақырыбында өз ойларымен бөлісті.

15
Сәуір
2025

Космонавтика күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Жұлдыздардың пайда болуы» атты танымдық сағаты өткізілді. 3-7 сынып оқырмандары ғарышты игеру тарихымен, планеталар туралы біліп, «шоқжұлдыз», «метеорит», «тұмандық» сөздерінің мағынасын түсініп, алғашқы спутниктердің, заманауи ғарыш станцияларының фотосуреттерімен, ғарышкерлермен танысты. Содан кейін балалар Күн жүйесінің планеталары туралы танымдық бейнені көріп, «Ғарыш» ойын-сауық викторинасының сұрақтарына жауап берді. «Ғарыш аңыздары», «Ғарыштық жұмбақтар» «Жұлдызды аспан қазынасы» байқауларына қатысты. Оқушылардың ғарыш және ғарыштық жетістіктер туралы білімдерін кеңейтуге «Ғарыштағы адам» кітап көрмесі көмектесті, онда балаларға арналған жарқын суреттелген энциклопедиялар мен ғылыми-көпшілік басылымдар ұсынылды.

14
Сәуір
2025

«Балапан» сәбилер бақшасының ересек тобының тәрбиеленушілері үшін аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «Кітаптар әлеміне, қош келдіңіздер!» атты библио-саяхат марафонын ұйымдастырды. Кітапханашы балаларғабіздің кітапхананың оқырманы бола алатындары туралы айтып, оларды кітаппен қалай жұмыс істеу ережелерімен таныстырды. Кітапханаға кіргеннен бастап жас оқырмандар түрлі-түсті, әдемі, қызықты кітаптар мен журналдарды тамашалады. Балалар «Ең үлкен және ең кішкентай шырша», «Заттар шеңберінде», «Жас ғарышкерлер» тақырыптық аймақтарында болып, түрлі-түсті энциклопедиялық басылымдарға, 3-4D форматтағы кітаптарға, жануарлар, техника, спорт туралы иллюстрацияланған нұсқаулықтарға қызығушылық танытты. Болашақ оқырмандар жұмбақтарды шешіп, «Қандай ертегілер араласып кетті?» викторинасында ертегі кейіпкерлері туралы сұрақтарға жауап бере отырып, көптеген жағымды эмоцияларға ие болды. Қонақтар үшін «Книжное Лукоморье» және «Весна в Простоквашино» мультфильмдері көрсетілді. Жас оқырмандардың кітапханаға саяхат жасау естерінде қалу үшін барлық қатысушыларға «Кітапхана сізді шақырады!» атты жадынамалар табыс етілді.

4
Сәуір
2025

Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің 1 сынып оқушыларына арналған «Бірінші сыныпта - кітапханаға алғашқы қадам!» атты ақпарат-ревю ұйымдастырылды. Оқушылар кітап оқу елінде көңілді шытырман оқиғалар, кітапхана залдарына саяхат, «Газет-журналдар ералашы», «Кітап беттерін ұқыпты аш», «Ғарыштық құпиялар» атты түрлі-түсті кітап көрмелерімен таныстырылды. Балалардың назарына «Оқырман есіңізде болсын!» ақпараттық жарнамалар мен кітаптарды дұрыс өңдеу, кітаптарды қалай таңдау және кітапханада өзін қалай ұстау керектігі туралы естіп, білді. Балалар «Ертегілер еліне саяхат жасау» таңғажайып алаң ойыны және «Табиғат жұмбақтары, өнертабыстар мен жаңалықтар» викторинасына қатысты. Балалардың кітапханаға жасаған алғашқы қадамы қызықты әрі танымды болды.

3
Сәуір
2025

Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы мектепалды даярлық сынып оқушыларының қатысуымен «Ертіс өңірінің қауырсынды әлемі» атты танымдық-экологиялық ойынын ұйымдастырды. Балалар Павлодар облысының қауырсынды тұрғындарымен «Қауырсынды әлем» кітап иллюстрациялық көрмесінде ұсынылған ғылыми танымал басылымдармен танысты. Оқушылар «Бұл қандай құс?», «Не жақсы, не жаман?» интеллектуалды сайыстарға белсене қатысып, қүстар өмірі туралы көптеген ақпараттарды білді. Оқырмандар жұмбақтар шешіп, құстар туралы өлеңдер тыңдап, «Құстар көктемді күтеді» көрінісін тамашалады. Іс-шара «Торғай мен мысық» эстафетасымен аяқталды.

© 2025. Все права защищены.