ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
Успен а.
8(71834)91542
kense@uspen.kz

Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района

МЕНЮ

Құрметті сайт қонақтары!

Ресми сайтқа қош келдіңіз
Успен ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі!

Бөлімге өтіңіз
3
Шілде
2024

2024ж.3.06 Астана күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 3-7 сынып оқырмандары үшін «Жаса, жайна Астана!» атты әдеби танысу өтті. «Бәйтеректен көзқарас» бейнеролигі арқылы Астана бойынша сырттай экскурсия жасалды. Балалар «Астанада саяхаттаймыз» зияткерлік ойынына, суреттер және өлеңдер байқауына қатысты. «Астана - Тәуелсіздік нышаны" кітап көрмесімен танысты.

27
Маусым
2024

2024. 27.06 Ұлттық домбыра күніне орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің 4-7 сынып оқырмандарымен «Қазақ күйінің інжу-маржаны» атты музыкалық қонақжай ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар домбыраның пайда болуы туралы аңызды тыңдап, «Ақсақ құлан» мультфильмін тамашалады. Қатысушыларға домбыра және музыкант Әміре Қашаубаев туралы бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары домбыра аспабымен сүйемелденген онлайн күйлерін орындады. Іс-шара соңында балалар «Домбыра-қазақ халқының жаны» тақырыбындағы иллюстрациялық кітап көрмесімен танысты.

27
Маусым
2024

Белоусов ауылдық кітапхана (мектеп жанындағы лагерде) "Кітап оқы" үйірме шеңберінде кітапханашы "Алтын құмыра" қазақ халық ертегімен таныстырды. Ертегіні оқып болған соң боямақтар бояды, балалар үйлеріне қалған 8 кітап алды.

26
Маусым
2024

2024ж.26.06 Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Кудесник» клубы аясында А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің жазғы лагерінің 1-5 сынып оқушылары үшін «Алладиннің сиқырлы сандығы» атты сюжеттік-ойын бағдарламасы өткізілді. Шығыс ертегісінің кейіпкерлері - Алладин мен Жасмин сиқырлы ертегінің атрибуттарымен балаларды қарсы алды. Ойынға қатысушылар ертегінің сиқырлы шамын тауып алу үшін «Би ертегісі», «Құпия қап», «Ертегі Түймедақ» әдеби-музыкалық байқауларына қатысты. Нәтижесінде барлық тапсырмалар орындалды және қатысушыларға тәтті сыйлығы бар сиқырлы шам табысталды. Бағдарлама «Алладиннің сиқырлы ұшуы» мультфильмін көрумен аяқталды.

25
Маусым
2024

2024ж. 25.06 Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде жас оқырмандарға арналған Мүбарак Жаманбалинов шығармашылығы бойынша «Кішкентай достарыма арналады» атты көркемсөз байқауы өткізілді. Қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, М.Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Соңында кітап көрмесіндегі кітаптарға шолу жасалды.

21
Маусым
2024

2024ж. 21.06 Жазғы оқу бағдарламасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің жазғы лагеріндегі балалардың қатысуымен «Интеллектуалды джунгли» атты танымдық квест-ойын өткізілді. Балалар джунглиға саяхат жасау арқылы қауіпсіздікті сақтау туралы нұсқаулық алғаннан кейін, орман жайлы кітап маршруттарынан өтті. Катысушылар «Ол кім, бұл не?» сияқты Үкі-ананың әртүрлі білім саласындағы сұрақтарына жауап берді. Ойын нәтижесінде балалар бақалардың не жейтінін, балық аулау кезінде қалай жақсы демалу керектігін, тропикалық ормандарда қандай өрмекшілер өмір сүретінін білді. Сондай-ақ, олар джунглиде болып жататын оқиғалар туралы көркем шығармалармен танысып, соңында «Тарзан» мультфильмінен үзінді көрді.

19
Маусым
2024

2024ж. 19.06 Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің залында А.Байтұрсынов және М.Жұмабаев атындағы мектептердің 1-6 сынып оқырмандарына арналған «Мен мейірімділікке сенемін» атты адамгершілік сабағы өтті. Мектеп жанындағы лагерьлердің балалары кездесу барысында мейірімділік, жақсылық жасау сияқты ұғымдарды талдады. Оқушылар «Адамдарға жақсылық жаса!» «Жүрекке жақын жылы лебіз» әдеби сайыстарға қатысып, қызықты тапсырмаларды орындады. Іс шара соңы "Жақсылық жолымен" тақырыбындаға кітап көрмесінде ұсынылған жақсы кейіпкерлер туралы көркем шығармаларға шолумен сабақ аяқтады.

18
Маусым
2024

Белоусов ауылдық кітапхана (мектеп жанындағы лагерде) "Кітап оқы" үйірме шеңберінде Руф Сандерсон "Златовласкамен үш аю" шығармасымен таныстырды. Оқыған кезде бөтен үйде жүргенде тәртіп туралы талқыладық. Балалар қалған 2 ертегілерді "12 биші ханшайымдар", "Папа Гатто" үйлерінде оқуға алды.

© 2025. Все права защищены.