Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі Абай атындағы ЖОББМ-нің мектепалды даярлық оқырмандарына арналған «Әр отбасы - Отанның мықты тірегі» атты әдеби-ойын бағдарламасын өткізді. Іс-шара барысында отбасылар «Бәрі біздің отбасымыз туралы» танымдық викторинасына, «Анам, әкем және мен – біз ең жақсы доспыз» оқу байқауына қатысып, жұмбақтар шешті. Аналар отбасымен бірге оқыған кітаптары, отбасылық мерекелері, жетістіктері, балалары әкелерімен не істегенді ұнататыны туралы әңгімелесті. Әр баланың аналарына деген жылы махаббат пен ризашылық сөздерін айтуға мүмкіндігі болды. Ата-аналар балаларымен бірге «Отбасы» және «Балалық шақ» тақырыбын дәріптейтін заманауи қазақ жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың шығармаларынан үзінділерін тыңдады. Кездесу соңында оқырман отбасылар көптеген кітаптармен танысты.
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
---|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
МЕНЮ