19.07.24. Балалардың жазғы оқуын жандандыру, қолдау және олардың қызығушылығын дамыту мақсатында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде "Объективте - жазғы оқу" арт-байқауы өтті. Оқырмандарға кітапханада оқыған немесе үйге алып оқыған қызықты кітаптарымен фотосуретке түсу ұсынылды. Байқауға оқырман отбасылар және
1-8 сыныптардың белсенді оқырмандары қатысты. Фотосуреттер балалардың кітапханада пайдалы өткізген уақыттарын, жаңа әдебиеттермен танысу кезін, ертегі кейіпкерлерінің әдеби диалогтарын, кітапхана алаңында өздері ұнатқан кітаптарды оқығанын көрсете білді.