«Балапан» сәбилер бақшасының ересек тобының тәрбиеленушілері үшін аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «Кітаптар әлеміне, қош келдіңіздер!» атты библио-саяхат марафонын ұйымдастырды. Кітапханашы балаларғабіздің кітапхананың оқырманы бола алатындары туралы айтып, оларды кітаппен қалай жұмыс істеу ережелерімен таныстырды. Кітапханаға кіргеннен бастап жас оқырмандар түрлі-түсті, әдемі, қызықты кітаптар мен журналдарды тамашалады. Балалар «Ең үлкен және ең кішкентай шырша», «Заттар шеңберінде», «Жас ғарышкерлер» тақырыптық аймақтарында болып, түрлі-түсті энциклопедиялық басылымдарға, 3-4D форматтағы кітаптарға, жануарлар, техника, спорт туралы иллюстрацияланған нұсқаулықтарға қызығушылық танытты. Болашақ оқырмандар жұмбақтарды шешіп, «Қандай ертегілер араласып кетті?» викторинасында ертегі кейіпкерлері туралы сұрақтарға жауап бере отырып, көптеген жағымды эмоцияларға ие болды. Қонақтар үшін «Книжное Лукоморье» және «Весна в Простоквашино» мультфильмдері көрсетілді. Жас оқырмандардың кітапханаға саяхат жасау естерінде қалу үшін барлық қатысушыларға «Кітапхана сізді шақырады!» атты жадынамалар табыс етілді.
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
---|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
МЕНЮ