ІІ Республикалық "Шәкәрім оқулары" байқауы аясында Успен аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 5-8 сынып оқушылары арасында аудандық "Шәкәрім оқулары" атты байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты - ұлы ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасын, шығармашылығын насихаттау және білу.
Шәкәрім оқуларына Успен мектептерінен 10 оқушысы қатысты. Қатысушылардың шеберлігін қазылар алқасы бағалады. Олар байқаудың барлық қатысушыларының күш-жігері мен шығармашылық белсенділігін атап өтті. Жүлделі орындарға 4 оқушы ие болды. Олар, Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің
8 -сынып оқушысы Қабыл Үміт «Бас жүлде» жеңімпазы атанды. І орынға Қозыкеткен ЖОББМ-нің 8 а сынып оқушысы Бурубаева Ясмин ие болса, ІІ орынды Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Өнерханұлы Елжан иеленді, ал ІІІ орынды А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7б -сынып оқушысы Есентаева Ильнара жеңіп алды.
Аудандық «Шәкәрім оқулары» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді. Байқауға қатысқан қалған сайыскерлерге қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.