“Kitap Time-2026” жалпы республикалық фестивалі акциясы аясында Успен аудандық кітапханасында “Күз кереметі” атты әдеби-сазды сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға әр жастағы оқырмандар мен қонақтар қатысты. Қатысушыларға “Сиқырлы микрофон”, “Күзгі себеттегі жаңа кітаптар“, “Күз сыйлаған ғажайыптар”, “Күзгі шығармашылық галериясы”, “Кинофильмдер”, “Кітаппен бөліс- жаңа кітаппен таныс” арнайы тақырыптық аймақтары жұмыс істеді. Балалар әдебиеті бөлімінде жас оқырмандар “Күзгі шығармашылық галериясына” қатысып, “Күз” туралы өлең жолдарын оқыды. Әдеби-сазды сағаты қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлады.










