Аудандық " 2025 жыл. Тарих. Тұлға. Оқиға." жобасы аясында және ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай, Қозыкеткен ауылдық кітапханасы, Ковалевка ауылдық кітапханасы Қозыкеткен ауылының ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп "Ата Заңым-айбыным "атты ақпараттық іс -шара өткізді. "Конституция - елдің Негізгі Заңы" атты кітап көрмесі, ҚР Конституциясына 30 жыл инсталляциясы безендірілді. Жүргізушілер қонақтарды елдің басты заңының негізгі аспектілерімен таныстырды. "ҚР Конституциясы - біздің өміріміздің негізгі заңы" атты тарихи экскурсия - фильм көрсетілді. Іс - шараға Успен ауданының Құрметті азаматы А.В.Ви шақырылды. Көрермендермен "Еліміздің басты заңы"атты құқықтық ойын өткізілді. Содан кейін қонақтар " Конституция және мен. Конституцияның менің өмірімдегі маңызы» тақырыптары бойынша өз ойларын айтып өтті. Іс-шара музыкалық сыйлықпен аяқталды. Біз біргеміз! Біз – Қазақстан халқымыз!











