Қазақстан халқы тілдері күніне орай Ковалев ауылдық кітапханасында «Тіл – достық көпірі» атты танымдық ойын-викторина өтті. Кітапханашы балаларға мерекенің тарихы жайлы әңгімелеп, «Вавилон мұнарасы» туралы аңызды айтып берді, сонымен қатар туған тіл жайындағы кітаптарға шолу жасады. Одан кейін оқушылар «Бәйге», «Мақалды толықтыр», «Қанатты сөздер» сияқты қызықты сайыстарға қатысып, «Тіл – достық көпірі» викторинасының сұрақтарына жауап берді және сөйлеу әдебінің өсиеттерімен танысты.
Кездесу соңында балалар маңызды қорытынды жасады: өз еліңнің лайықты азаматы болу үшін оның мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп, туған тілді сүйіп, жетік меңгеру қажет. Өйткені Отанның бастау алатын жері – ол туған тіл.










