Қоңырөзек ауылдық кітапханасында «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» әдеби сағат өтті.
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарына ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін тұған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдаланрдың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды.
Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды – көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс – қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс – қазақ мектебінде түсіп, оқуын жалғастырады. 1914 – 1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады.
Өмір баяны туралы видеофильм оқырмандарғы ұсынылды, шараның барысында Аймауытовтың шығармаларынан үзінді оқылды.