Еңбек күніне орай Қоңырөзек ауылдық кітапханасы Мәдениет үйі @dk.konyrozek мен бірлесіп "Адамдардың еңбекте өздерің табуы - нағыз қазына" атты кездесу өтті. Шараға Павлов ЖОББМ мұғалімдері қатысып, өзінің еңбек жолы туралы 43 жыл бойы бір жұмыс орнында қызмет атқарып келе жатқан, Айтжанова Зәуреш Уапқызы әңгімелеп, ортаға салды. Сонымен қатар Варава Р.П.-да 40 жыл бойы мектепте жұмыс істейді.
Кездесу қонақтары: Сатыбаева Г.М., Удербаева С.Е., Королёва В.Н. және Кумукова Г.Б. білім саласына үлестерін қосып, жұмыс тәжірибелері қырық жылға таяп қалды. Шара соңында оқырмандар кітап көрмесін тамашалап, жылы лебіздерін білдірді.