Балаларды қорғау күніне және жазғы оқулардың басталуына орай аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі МШЖ бөлімімен бірлесіп, 1-6 сынып оқырмандарының қатысуымен «Алақай, алақай, шуақты жаз келді көңілді!» атты ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Ертегі кейіпкерлері - Леши, Карлсон және Жаз ханшайымы кітапхананың жас оқырмандарын жазғы ойын алаңдарында қарсы алды. Балалар «Шабындықта», «Жаңбыр, жаңбыр жау, жау» спорттық жарыстарына, «Ал, бізде КАНИКУЛ!», «Жаздың бір күні...» сияқты ойындарына және «Ертегіні есіне түсіріп көр», «Тәтті жұмбақтар» әдеби байқауларына белсене қатысты. Кітапханашылар оқырмандарды «Балалық шақты қорғайық» кітап көрмесінде ұсынылған кітаптармен таныстырды. Жаздың таңғажайып әлеміне саяхат өте қызықты және көңілді болды. Дәстүр бойынша әрбір кішкентай қатысушы тәтті сыйлықтарға ие болды.
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района |
|
---|
Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ
КГУ "Централизованная библиотечная система Успенского района" отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района, акимата Успенского района
МЕНЮ