Ежелгі заманнан бері кітапхана білім қазынасы деп аталғаны бекер емес. Оның мүмккіндіктері туралы көбірек білудің ең жақсы тәсілі «Кітап – даналық қазынасы» есігің ашылу күні кітапханаға бару. Қазақстандағы ұлттық кітап күні үлкен және кіші тілек білдірушілер үшін Ковалев ауылдық кітапханасы өз есігін айқара ашты. Біздің келушілерді әртүрлі бағдарлама күтіп тұрды. Біздің есігіміз оқырмандар үшін ашық болса да, дәл осы күн кітапхана үшін түрлі іс-шараларға, кітап көрмелеріне, кездесулерге толы жарқын оқиға болды. Кітапханашы өзінің жас оқырмандарын кітапхананың сиқырлы әлеміне енуге шақырды, 23 сәуірде атап өтілетін ұлттық кітап күнін мерекелеу туралы айтты. Іс-шараға қатысушылар «Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұран» көрмесінде ұсынылған кітаптармен «Бір ел – бір кітап» акциясымен танысты. Күні бойы оқырмандар әдебиеттің жаңалықтарымен танысты. Іс-шараның ойын бөлігінде кітапхана туралы білімдерін және ондағы мінез-құлық ережелерін тексерді сондай-ақ кітаптарда жасырылған батырлар туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Біздің кітапханада ашық есік күні өте қызықты өтті және оны барлық кітапқа деген қызығушылықтары артты.