30
Сәуір
2024
|
Белоусов кітапханасы мектеп пен бірлесіп Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған "Біртұтас отбасында өмір сүреміз" патриоттық сағатын өткізді.
Кітапханашы біз көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды және біздің басты байлығымыз - достық пен бірлік екенін айтты.
"Қазақстанда тұратын 10 негізгі ұлттар" атты бейне ролик қарады. Балалар достық туралы тақпақтар айтты
29
Сәуір
2024
|
1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай аудандық кітапхана Абай атындағы ЖОББМ-де "Халықтың қуаты- бірлікте" атты әдеби-музыкалық кешін өткізді. Іс шара барысында Ибраева Аружан "Балбырауын" күйін орындады. Сонымен қатар оқушылар қытайша, өзбекше, орысша құттықтау тілектерін білдірді. Әдеби кештің соңы "Қазақстан" , " Ақ көгершін" әндерімен аяқталды.
16
Сәуір
2024
|
Белоусов кітапхананың кітапханашысы "Бір ел-бір кітап" науқаны аясында Б. Соқпақбаевтың шығармашылығы бойынша "Балалық шаққа саяхат" атты әдеби сағат өткізді. Кітапханашы ақынның өмір баянымен таныстырды, сонымен қатар "Чемпион", "Балалық шаққа саяхат" кітаптарға шолу жасады және ақынның "Менiң атым Қожа " шығармасынан фильмнен үзінді көрсетті.
12
Сәуір
2024
|
12 сәуір күні Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Успен аудандық кітапханада "Мен өз елімнің ұлымын және өз Отанымның азаматымын" атты"Сәтбаев оқулары " ғылыми - оқырман конференциясы өтті. Атақты ғалымның, тұңғыш қазақ академигінің мерейтойына Қозыкеткен ауылдық кітапханасы және Павлодар география үйінің филиалының жетекшісі Л.В.Гильдебрандпен бірлесе отырып ұйымдастырылды. . Ғылыми - оқырман конференциясының пленарлық бөлімінде Қозыкен ЖОББМ-нің оқушылары, "Исток "клубының мүшелері баяндамалар мен зерттеулер жасады: С.Жураковская, А.Ғабдуллов, Н.Тарасюк және А.Жураковский және аудандық кітапхананың кітапханашылары Б.Р.Катпанова және А.Т.Бекенова. Конференция қонақтары Н.В.Ларина және Лепихина Д.И., геология ардагерлері, ПавГео мүшелері, география үйінің геологиялық мұражайының негізін қалаушылар қызықты және танымдық баяндамалардан басқа Павлодар облысының пайдалы қазбалар жинағын әкелді. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Сонымен қатар аудандық кітапханаға белгілі тарихшы - өлкетанушы Э.Д.Соколкиннің "Павлодар географиясы бойынша хрестоматиясы" кітабын сыйға тартты. Кітапхананың коммуникация орталығында «Сәтбаев ауылы» көрмесінде Қ.Сатпаевтың кітаптар жинағы әзірленді.