12
Сәуір
2024
|
Ғарышкерлер күніне орай Белоусов ауылдық кітапхана "Байқоңыр - ғарыш жүрегі" танымдық сағат өткізді. Кітапханашы ғарыш айлағы және ғарышкерлер - ВА. Шаталов, ТО.Аубакиров, Т. Мусабаев туралы айтты. Балалар ғарышқа ұшу туралы тақпақтар оқыды, "Байқоңыр" бейне ролик қарады.
5
Сәуір
2024
|
"Кітаппен кездесу - мереке!" жобасы аясында аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің «0а» сынып оқушыларының қатысуымен "Қорық кітап жолдарымен. Заповедными книжными тропинками" атты ойын-саяхат өткізді. Балалар Қазақстанның он қорығымен, олардың тұрғындарымен танысып, «Орман жануарлары» мультфильмін тамашалады. Сонымен қатар «Суреттерді түсіндір» интеллектуалды ойынына қатысып, «Тірі әлем» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Саяхат «Қорық өлкесінің тірі бояулары» атты сурет байқауымен аяқталды.
27
Наурыз
2024
|
Көктемгі мереке қарсанында Ковалев кітапханасында Наурыз мейрамына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Наурыз мейрамын атап өту тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен қазақ ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдары жайлы баяндайтын кітаптар, журналдар, әзірлемелер, мереке әзірлемелері ұсынылды.
20 наурызда Ковалев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ковалев мектебінің оқушыларымен «Наурыз – береке бастауы!» атты мерекелік бағдарлама өткізді.
21
Наурыз
2024
|
21 наурызында Тимирязев ауылдық кітапханасы "Наурыз бейбітшілік пен жақсылық мерекесі" атты мерекелік байқау өткізді. Байқауда 4 тапсырма болды: таныстыру, мақал-мәтелдер, сұрақ- жауап, ұлттық ойындарды тап. Балалар тапсырмаларды қуана орындады.