15
Қазан
2023
|
Бүгін - халықаралық ауыл әйелдері күні. Осыған орай Қоңырөзек ауылдық кітапхана Қоңырөзек ауылдық мәдениет үйімен @dk.konyrozek бірлесіп ерекше мерекелік іс-шара өткізді.
29
Қыркүйек
2023
|
1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай аудандық кітапханада «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш өтті. Қариялар қауымына қуаныш сыйлаған мерекелік шараға Успен аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Р. Бараисов қатысып , жылы ізгі тілегін білдірді. Іс шарада мектеп оқушылары «Ақ құсым», «Мама» ән, күйлерін орындады.
29
Қыркүйек
2023
|
Павлодар облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының "Отбасылық формуляр" атты жобасы щеңберінде Қоңырөзек ауылдық кітапханасында оқырмандарды Михайлово кітапханасымен және электронды кітапханада сақтаулы аудиокітаптарды жүктеу мен тыңдау процесстерімен таныстыру шарасы өтті.
23
Қыркүйек
2023
|
Қозыкеткен ауылдық кітапханасында «Исток» мәдени-ағарту мекемесінің тәрбиеленушілеріне өлкетану, туған ауылға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Туған өлке...» атты өлкетану сабағы өтті. Шара оның құрылғанына 114 жыл толуына арналған. Қозыкеткен ауылы.