6
Ақпан
2024
|
2024 жылдың 6 ақпан күні Қоңырөзек ауылдық кітапханада "Туған тілімнің байлығы" атты әдеби - лингвистикалық сайыс өтті. Бұл шараға Павлов ЖОББМ оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларды шараның басында анықтамалар және сөздіктермен таныстырып шықты. Сайыс барысында сайыскерлер "Сөздің мағынасын тап", "Фразеологиялық тіркестерді тап", "Мақал-мәтелерді айт" деген, тағы да басқа әртүрлі тапсырмаларды орындады. Іс-шара өте маңызды және қызықты болды.
28
Қараша
2023
|
Биыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, суретші Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтің туғанына 85 жыл. Осыған орай Абай мектебінің 9-10 сынып оқушыларына «Өмір жолы» атты ақпарат сағаты өтті. Шәкен Ниязбековтың өмірі, шығармашылығы және марапаттары жайында айтылды.
27
Қазан
2023
|
Ковалев ауылдық кітапханасы жанындағы «КЭО мектебі» шығармашылық сурет және сурет үйірмесі Республика күніне арналған «Тарих білгірлері» интеллектуалды ойынын өткізді. Жетекшісі:Коробчук О.В.
25
Қазан
2023
|
25 қазан Республикасы күніне орай аудандық кітапханада «Асқақатай бер, айбынды Республикам» атты әдеби- музыкалық кеш өтті. Республика күнімен тұспа-тұс келген кітапханашылар күнімен аудан әкімі Н. А.Мақашев құттықтап «Алғыс хат» табыстады. Іс-шара күй атасы «Балбырауын» күйімен ашылып, этномәдени бірлестік өкілдерінің құттықтауымен жалғасты.Олар еліміздің берекелі, бірлігін ән жырға қосып, көрермендерге көңіл күй сыйлады. Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 30- жыл толуына орай мектеп оқушылары «Ұлттық теңге мәртебесі» атты көрініс ұсынды. Мереке «Өз елім» әніммен өз мәресіне жетті.Қазақстанның тұғыры биік,халғымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын