15
Ақпан
2024
|
Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына-35 жыл толуына орай аудандық кітапхана, тарихи- өлкетану музеймен бірлесіп " Ауғанның асуында от кешкендер" атты естелік кешін өткізді. Осы кешке Ауғанстан ардагерлерінен Е.В. Боровик, В.И.Боронин , В.Ю. Бурма қатысып өздерінің кәсіби таңдаулары мен және Ауғанстан туралы естеліктерімен бөлісті.
15 ақпан - кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл. Таволжан ауылының Мәдениет үйімен бірлесіп "Ауған соғысы беттерін аша отырып" дөңгелек үстел өткізді.
8
Ақпан
2024
|
Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі – ЮНЕСКО-ның есте қалатын даталар күнтізбесіне 100 жылдық мерейтойы енгізілген Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқыдық. Кеше, 7 ақпанда шара аясында кітапханамызда «Бердібек Соқпақбаев – қазақ әдебиетінің классигі» атты кеш портреті өтті. Кітапханашы шақырылған қонақтарды жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырып, кітап көрмесін ұсынды.
Қоңырөзек ауылдық кітапханада балаларға арналған 4D кітаптары түсті. Жергілікті мектептің оқушылары танысу барысында.