15
Ақпан
2024
|
Бір тумасы киелі жер Баянның
Өнерге де құлаш ұрған дананың,
110 жасқа келді міне халайық!
Шәкен - дархан дарыны бір даланың.
Шәкен Айманов 1914 жылы 15-ші ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында Айманбұлақ деген жерде туған. Шәкен Кенжетайұлы Айманов Семей қаласындағы Каз Коммунада одан кейін педагогикалық техникумда оқыған жылдары көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысады. Театр сахнасында қайталанбас образдарда қатысқан. Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1947 жылдан 1951 жылға дейін театрдың көркемдік жағын басқарумен қатар бас режиссер болып та істеді. 1953 жылдан 1970 жылға дейін "Казахфильм" киностудиясының көркемдік жағын басқарып қазақ кино өнерінің қанат жайып өркендеуіне де ерекше мол үлес қосты. Осы туралы Қоңырөзек ауылдық кітапханасында "Қазақ киносының атасы" деген кездесуде әңгіме қозғап, Шәкен Аймановтың өмір жолымен таныстырып, слайд презентация және көркем фильм үзілістері усынылды.
15
Ақпан
2024
|
Кызылагаш ауылдык, кітапханасында
Медениет уйімен бірлесіп «Ауганстан менгі есте калады» атты денгелек устел еткізілді.
15
Ақпан
2024
|
Бүгін, яғни 2024 жылдың 15 ақпан күні, Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шыққанына 35 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай Қоңырөзек ауылдық кітапхана Мәдениет үйімен бірлесіп "Ауғаныстан есімізде" еске алу кешін өткізді.
Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған ерлік сағаты.
“Ауған от жалыны” атты іс- шарада 10 жылға созылған соғыстан, от пен оқтың ортасынан аман- есен оралған ауыл азаматтары таныстырылды. Ауған соғысының ардагерлері бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен бірдей құрметке ие.