16
Наурыз
2024
|
Белоусов ауылдық кітапхана Наурыз мейрамын тойлау барысында "Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері" атты танымдық сағатын өткізді. Кітапханашы Наурыз мерекесінің мәні және мерекені қалай тойлау керек туралы мәліметтер берді. Балалар Наурыз мейрамы туралы тақпақтар айтты, "Ұшты - ұшты", "Орамал тастау" ұлттық ойындар ойнады, боямақтар бояды.
7
Наурыз
2024
|
Қоңырөзек ауылдық кітапханасында «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» әдеби сағат өтті.
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарына ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін тұған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдаланрдың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды.
Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды – көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс – қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс – қазақ мектебінде түсіп, оқуын жалғастырады. 1914 – 1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады.
Өмір баяны туралы видеофильм оқырмандарғы ұсынылды, шараның барысында Аймауытовтың шығармаларынан үзінді оқылды.
7
Наурыз
2024
|
8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай аудандық кітапханада " Аналар - асыл қазынам" атты мерекелік кеш өтті.Ардақты аналар мен әжелерге арналған " Әйелдер әлемі" телебағдарламасынды көңілді әндер шырқалды
1
Наурыз
2024
|
Бүгін 1 наурызда, Белоусов ауылдық кітапхана сында "Казахстан - татулық пен достық елі ' естелік кеші атты мерекелік шара өткізді.